astana-view

Алматыдағы жаңа бизнес-нишаларды скрининг анықтайды

2019 жылғы 23 Қыркүйек
- Алматы қаласы
5454 просмотров

Қала бойынша 8 ауданның кәсіпкерлері мен үй шаруашылықтары  азаматтарымен ауқымды сауалнама жүргізу 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап қараша айына дейін жүргізіледі.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін әлеуетті нарықтық қызметтерді зерттеу және Өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеу мақсатында үй шаруашылықтары, кәсіпкерлердің қажеттіліктерін талдау жұмыстары –   Алматы қаласының бизнесінің скринингін жүзеге асыруға көмектеседі.

Скринингті Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы және Алматы әкімдігінің бірлесуімен жүргізіледі. Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, мегаполисте 186 мың кәсіпкер мен 69,5 мың үй шаруашылығы бар.

Бүгінде Алматы үшін импорт алмастыру, экспорт, туризм, сауда және экономиканы цифрландыру сонымен қатар, ІТ-саласын дамыту сияқты салалардағы зерттеулер аса өзекті болып отыр.

Скрининг салалардың мәселелерін терең зерттеуге және оларды егжей-тегжейлі талдауға арналған. Ауқымды зерттеу кезінде деректерді жинау үй-үйді аралау, телефон арқылы сұхбаттасу және жекелей әңгімелесу   форматтарында өтеді.

Зерттелетін салалар: өңдеу өнеркәсібі; көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер және мотоциклдерді жөндеу; көлік және қаттау; орналастыру және тамақтандыру; ақпарат және байланыс; білім беру; денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер.

«Экономикалық өсу аспектілерін жан-жақты зерттеу – орын алған мәселелерді шешу үшін қажет. Атап айтқанда: импортты алмастыру бойынша міндеттерді шешу мақсатында отандық тауар өндірушілер кәсіпорындарының қуаттылығын толық жүктеу, отандық өнімді ары қарай экспортқа шығару, туризмді дамыту, сауда хабын құру арқылы сауданы жолға қою, ІТ-саласын дамыту арқылы экономиканы цифрландыру және ақылды қаланы құру. Оңтүстік астананың экономикасын  қолдау және ары қарай дамыту, кәсіпкерліктің үлкен әлеуетін ашу үшін  іс-шаралар, индикаторлар және нүктелі қолдау құралдары белгіленген салалық мемлекеттік бағдарламалары қажет»,  – деп Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов айтып өтті. 

Скрининг нәтижелері мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және белгіленген іс-шаралары, индикаторлары және нақты қолдау құралдары бар салалық мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу мен қабылдау үшін негізгі «Маяк» болуға тиіс.

Өткізілетін скринингтің барлық мәселелері бойынша Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына хабарласуларыңызды сұраймыз: Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына мына мекенжайда орналасқан: Алматы қаласы, Жібек Жолы даңғылы, 135, 2-3 блок, 8 қабат («Жібек Жолы» Бизнес орталығының ғимараты), телефон: 8 (727) 33 101 33.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер