astana-view

«Зенченко» оқиғасы: Ресейге тауар экспорттауда қандай қиындықтар бар?

2019 жылғы 26 Қыркүйек
12670 просмотров

Отандық азық-түлік өнімдерінің Ресей Федерациясына экспортталуына қатысты мәселелер жиі айтылып келеді

Осы мәселеге байланысты отандық сүт өндірушілер ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдарында өтінім жасады. Мәселенің мәні тауарды жөнелтетін құжаттардың ұзақ рәсімделуіне байланысты. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов түйткілдің орын алуы себептерін айтып, мемлекеттік органдарды осы мәселені шешуде батыл қадамдарды жасауға шақырды.

-Абылай Исабекұлы, сүт өндірушілер көтерген мәселелер немен байланысты?

-Қазақстандық тауарларға қатысты шектеу бүгін басталған жоқ. Бұл жайт  2015 жылдан бастап Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінен бері жалғасып келеді. Естеріңізге салсақ, Қазақстан ДСҰ-ға қосылу кезінде 4000-нан астам тауарға баж салығын төмендетті. Бұл дегеніміз, ЕАЭО-да мүшелік және Одақтың кедендік тарифтің жалпы саясатына қарамастан Қазақстан осы тауарларды анағұрлым төмен мөлшерлемелермен кеденнен өткізуге міндеттеледі.

 Мысал үшін:

Қазақстанның автомобильдерге (СЭҚ ТН (сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы) коды 8702 ) мөлшерлемесі ДСҰ-дағы міндеттемелер бойынша 12%, ал в ЕАЭО бірыңғай кедендік тарифте – 20%, консервіленген балық – (коды 1604) Қазақстанға 6%-бен, ал ЕАЭО-да 12%-бен әкелуге болады, жаймаланғані прокатты (7212) Қазақстанға әкелу мөлшерлемесі 0%, ал бірыңғай кеден тарифында  – 5%. Көріп тұрғанымыздай, мөлшерлемелер арасындағы айырмашылық үлкен.   

 Осы ретте кеден салығын осы позициялар бойынша ЕАЭО бірыңғай кедендік тариф деңгейіне 2023 жылға дейін көтеруге құқымыз жоқ. Бұл ситуация Одақ бойынша серіктестер тарапынан алаңдаушылықты тудырды, өйткені кедендік шекаралардың болмауы Қазақстаннан ЕАЭО-ның басқа мемлекеттеріне «арзан» тауарлардың ағылыуына әкеп соғар еді. Серіктестердің күмәндануы орынды. Осы ситуацияны шешу үшін Қазақстан 2015 жылы Одақ мүшелері алдында елге төмендетілген кеден салығы бойынша әкелінетін тауарлардың шығуына жол бермеу бойынша міндеттемені алды.

 Хаттамаға қол қойлды, оған сәйкес мемлекеттік кірістер органдары өздеріне бірқатар міндеттемелерді алды:

  1. Қазақстанға ДСҰ мөлшерлемелері бойынша әкелінген тауарларды ЕАЭО басқа мемлекеттеріне шығарылуына жол бермеу;
  2.  Аталған тізімнен тауарларды және Одақ мемлекеттеріне экспортталатын тауарларды сыртқа шығаруға рұқсатты растау.

Қазіргі таңда Қазақстан кәсіпкерлерінде екі мүмкіндік бар:  1) Қазақстанға тауарларды төмендетілген мөлшерлемемен әкелуге болады, бірақ бұл тауарды Қазақстан аумағында ғана пайдалану керек, мұндай тауарларды экспорттауға тыйым салынған; 2) егер кәсіпкер кейін ЕАЭО елдерінің территориясында сатылатын тауарды Қазақстанға әкелсе, онда оны бірыңғай кеден тарифы мөлшерлемелерімен әкеліп, бірқатар міндеттемелерді орындау қажет (барлық мәмілелерге кедендік декларацияны сақтау және ЭШФ жазып шығару)

-Іс жүзенде аталған схема қалай жұмыс істеуде?

- Бір жағынан Қазақстанға ДСҰ алдындағы міндеттемелерді орындау керек, ал екінші жағынан – Одақ бойынша серіктестер алдында тәуекелдерді жойып, ЕАЭО басқа мемлекеттеріне «арзан» тауарлардың экспортталуына жол бермеу қажет болғанын түсінген абзал.

Осы мәселені шешу мақсатында ҚР Қаржы министрлігі Электронды шот-фактураларының ақпараттық жүйсін (ЭШФ АЖ) құрды. Аталған жүйе Қазақстанға төмендетілген кедендік салықпен әкелінетін барлық тауарлардың толық бақылануын қаматмасыз етуі керек. Осы жерде біз орынды сұрақ көтердік: ал Қазақстанда өндірілген, бірақ Алып тастау тізбесіне қосылған тауарларды  қалай сәйкестендірген жөн? Мәселен, Одақ шеңберінде Қазақстанға Ресейден тасымалданып, ары қарай Қырғызстанға экспортталатын тауарлармен не істеуге болады? Бастапқыда ЕАЭО кедендік қызметтері импорттық тауарларды бақылауды көздеген, бірақ «бидайды бидайықтан» қалай ажыратуға болатыны жайында ешкім ойланған жоқ.

Бірлесе отырып, барлық мүмкін нұсқаларды қарастыратын: Қазақстанда өндірілген тауарлар, Одақта өндірілген тауарлар, ЕАЭО БКТ мөлшерлемелері бойынша импортталатын тауарлар да, осы тауарларды экспортаудың тәртібі жасалып, бекітілді:

Бірақ бұл шешімде де бизнес үшін олқылықтары болды. Ол уақытта Электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі толық жұмыс істемегенін ескерсек, ЕАЭО мемлекеттерінің кедендік органдарының өкілдері Алып тастау тізбесіне енгізілген және Қазақстаннан ЕАЭО-ға экспортталатын тауарлар партиясын ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мөрімен міндетті рәсімдеуін талап етті. Бұл талап нәтижесінде кәсіпкер осы мөрді алу үшін мемлекеттік кірістер комитетіне «өз аяғымен» баруын білдірді.

 Міне, басты мәселе осында жатыр. Осындай процедура кәсіпкерлерге экспорттау процедурасын тежеп, қиындатады. Бүгінде кәсіпкер мемлекеттік кірістер органдарының жұмыс режиміне, осы органдар басшыларының  жұмысына байланған. Көп жағдайда кәсіпкер электронды шот-фактураға мөр мен қол қою үшін Мемлекеттік кірістер органы басшысының жиналыстан келуін, босауын күтіп отыруға мәжбүр.

 Осылайша, отандық өндіруші еселенген ұтылыста қалып отыр. Біріншіден, енді ол шығаратын тауар нарыққа анағұрлым төмен мөлшерлемемен импортталады; екіншіден, ЕАЭО-ның маңызды нарығына шенеунік қол қоймаса, тауарларды экспорттай алмайды.

 -Бұл мәселе шешіліп жатыр ма? Қалай шешілуде?

 Бастапқыда, 2016 жылы Алып тастау тізбесінен тауарлар экспортына қосымша талаптар енгізіліп жатқанда, бизнес өкілдері жаңа шарттармен олар уақытша болғандықтан келіскеніне назар аударуды сұраймын. Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің шешімде солай жазылған: «Электронды шот-фактураның қағаз көшірмесін растау осы растау тәртібін алып тастайтын Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің шешім қабылдауына дейін жарамды». Алайда, көріп тұрғаныңыздай, 3,5 жыл ішінде «уақытша» тәртіп жойылмай, кәсіпкерлер әр тауар партиясына электронды шот-фактураны қайта-қайта рәсімдеуге мәжбүр.

Қазіргі таңда бұл оқиғада жаңа бағыт бар. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ЭШФ қағаз көшірмесін растауды алып тастау туралы мәселені бірнеше рет көтеріп келеді. Бұған қалай қол жеткізуге болады? Қазақстандық электронды шот-фактуралар жүйесінің ЕАЭО-ның басқа мемлекеттерінде танылуын қамтамасыз ету және Одақтың кеден органдары арасында ЭШФ-тен деректердің автоматтандырылған алмасуын жолға қою қажет. Осы шараларға қол жеткізілген соң, ЭШФ қағаз көшірмесіне мөр қою қажеттілігі автоматты түрде қажет болмай қалады. Демек, тауарға барлық растайтын құжаттарды алып, ЭСФ-ны қағаз көшірмесін басып шығарған соң тауарды бірден экспорттай алады.  

 Сүт өндірушілері БАҚ-та көтерген толқыннан кейін біздің өкілетті мемлекеттік органдар бүгін орын алған мәселені шешу процесіне белсенді жұмыла бастады.

 Экспорт процедураларын оңайлату жөнінде кезекті жол картасы әзірленді. Осы ретте шенеуніктердің барлық жауапкершілікті кәсіпкерлерге артып қоюға деген ынтасын байқаудамыз. Мемлекеттік органдардың пікірінше, қазақстандық тауарларды экспорттау кезіндегі барлық мәселелердің шешімі СТ-1 сертификатын беру үшін және ЭСФ АЖ ақпараттық жүйелерді біріктіру керек. Біріктіруге Палата қарсы емес, алайда, ақпараттық жүйелерді біріктіру негізгі мәселені – әр тауар партиясына ЭШФ-ны растау қажеттілігін алып тастай алмайды. Осы үдерісте адами фактордың болуына дейін бизнес мемлекеттік органдарға тәуелді болады, өйткені құжаттарға мөр мен қолды тірі адамдар қояды, олардың жұмыс режимі, демалыс және мереке күндері бар.

 «Атамекен» бизнес мүддесіне қарай СТ-1 сертификатын беру жүйесін автоматтандырғанын атап өткім келеді. Жүйе кәсіпкерлерге бірқатар артықшылықтарды береді:

  • Кәсіпкерлік субъектілеріне түсетін ауыртпалықты азайту: жүйемен жеке кабинет және электронды пошта арқылы кері байанысты орнату (хабарландырулар, ескертулер), жүйені қолдануда ыңғайлылық пен оңайлылық;
  • Ашықтық: өтінім және оны орындау мерзімдерін online-режимде қарап отыру және барлық кезеңдерді бақылау мүмкіндігі;
  • Процесті автоматтандыру және ақпараттық қауіпсіздік: жүйдегі барлық іс-әрекеттердің жазылуы (оқиғалар хронологиясы);
  • Қате деректерді енгізуді болдытрпау үшін Тәуекелдерді басқару жүйесін және форматты-қисынды бақылауды қолдану.  

Отандық бизнестің заңды өкілі ретінде «Атамекен» ҰКП бірінші кезекте экспорт процедураларын оңайлатуды көздейді. Бүгінде бізде нақты түсінік бар, оған қол жеткізу үшін мемлекеттік органдарында ЭШФ-ны растауды алып тастау керек. Алып тастау тізбесіне енгізілген отандық тауарлар жоғары экспорттық әлеуетке ие. Үш жыл ішінде (2016-2018 жж.) барлық кедергілер мен шектеулерге қарамастан біз ЕАЭО шеңберінде макарон өнімдері, қияр мен корнишондар, қышқыл-сүт өнімдері, қызынақтар, құс еті сияқты тауарлар бойынша экспортты ұлғайтуға қол жеткіздік.

 Осылайша, бизнес өзінің ЕАЭО нарықтарына шығуға және бәсекеге қабілетті отандық өнімді жеткізіп отыруға дайындығын растайды. Мемлекеттік органдардың міндеті – оларға сәйкес жағдай жасау және ЕАЭО-ға тауралрады экспорттауда шектеулерді алып тастау.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер