astana-view

БАҚ арасындағы байқау жеңімпаздары анықталды

2019 жылғы 26 Қыркүйек
4746 просмотров

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында, отандық кәсіпкерліктің дамуы туралы, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлік  туралы бұқаралық ақпарат құралдары арасында үздік журналистік материалға республикалық  байқаудың қорытындысы шығарылды

Биыл байқауға елдің барлық өңірлерінен жүзден астам өтінім келіп түсті. Ондаған жаңалық сюжеті және баспасөз бен Интернет БАҚ-та жарияланған жүздеген материал қазылар алқасы назарына ұсынылды.

 Дәстүрлі түрде жеңімпаздарды 5 аталым – «Баспасөзде жарияланған үздік сараптамалық материал»; «Телевизиядағы үздік репортаж»; «Интернет-БАҚ-та жарияланған үздік сараптамалық материал»; «Үздік радио-сюжет» және «ЕАЭО нарықтарында бизнесті жүргізу бойынша үздік материал» бойынша таңдады.

 «Интернет-БАҚ-та жарияланған үздік сараптамалық материал»:

Гран-при Тілеуова Рахила «Baq.kz» ақпараттық агенттігі

1-орын Фазыл Айгерім «Tengri News» ақпараттық порталы

2-орын Воронина Ксения «Sputnik Казахстан» халықаралық ақпараттық агенттігі

3-орын Ізбасарова Кәмшат «MAN`G`YSTAY`» телеарнасы, «EL ERTENI`» бағдарламасының жүргізушісі.

«Телевизиядағы үздік репортаж»:

Гран-при  Әшім Альбина «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1-орын Сәменбетов Әмір «Хабар» агенттігі  «Народный контроль» жобасы

2-орын Константин Харламов «ATAMEKEN BUSINESS» телеарнасы

3-орын Ізімова Базаргүл «Телевидение г.Астаны» ЖШС Атырау қаласы бойынша тілшісі

«Үздік радио-сюжет»:

Гран-при Айтқұлова Гүлназ «Астана» радиосы

1-орын Рогозина Надежда «Жаңа FM» радиосы, тікелей эфир редакторы

2-орын Тұртаев Мұхтар «Шалқар» радиосы

3-орын Настюкова Ольга Business FM радиостанциясы сайтының бас редакторы

«Баспасөзде жарияланған үздік сараптамалық материал»:

Гран-при Қалиев Санат «Ақтөбе медиа» ЖШС,  «Ақтөбе хабаршысы» облыстық-саяси газеті

1-орын Тәжіқұл Қалима «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

2-орын Тасқалиев Айбек «Ақтөбе» облыстық газеті (Ақтөбе облысы)

3-орын Буханова Ләззат «Ақтөбе хабаршысы»  облыстық-саяси газетінің редакциясы

«ЕАЭО нарықтарында бизнесті жүргізу бойынша үздік материал»:

 Гран-при Гусев Олег   «MEDIA HOLDING «ATAMEKEN BUSINESS» ақпараттық агенттігі

1-орын Кәкібаланов Болат   «Хабар агенттігі» АҚ-тың ШҚО бойынша меншікті тілшісі

2-орын Темірғалиев Жандос «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасының Атырау облысындағы меншікті тілшісі

3-орын Алтынбек Мейірлан «Хабар 24».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер