astana-view

«Жарнама туралы» Заңның орындалмауы алматылық бизнесмендерге шығын келтіруде

2019 жылғы 03 Қазан
- Алматы қаласы
6072 просмотров

Оңтүстік астананың кәсіпкерлері әкімшілік кедергілер мен «шешілмейтін» мәселелер туралы айтып берді, олардың алғашқысы – шенеуніктердің «Жарнама туралы» ҚР Заңын дұрыс түсінбеуі.

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасында «орталық және жергілікті атқарушы органдардың, бизнесті дамыту кезіндегі кәсіпкерлік субъектілері тап болатын әкімшілік кедергілерді және формализмін анықтау» атты көшпелі кездесу өтті. Іс-шараны ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ және Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды. 

Кездесуге мемлекеттік органдардың өкілдері, сонымен қатар мегаполистің бизнесмендері қатысты. Кездесуде бизнесмендер орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға келіп түскен көптеген өтініштерге қарамастан, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізу қажеттігіне немесе шенеуніктердің формализміне байланысты шешілуі мүмкін емес өз мәселелерін баяндады.

Мәселелердің бірі қайтадан сыртқы жарнамаларға келіп тоқталды. Көптеген адамдардың ойында сақталған болар 2011-2012 жылдары шағын дүкендерде, әсіресе қаланың шетіндегі дүкендердің атауы көрсетілген және танымал сусынның логотипі бейнеленген бір типті маңдайшалардың пайда болғаны. Мәселен, «RG BRANDS» компаниялары, кімнің өнімдерінің логотиптері маңдайшаларында болған, мемлекеттік кіріс органдары жарнама үшін үлкен соманы есептейді.

«Алматы қаласы, Алмалы ауданындағы мемлекеттік кірістер басқармасына жазған болатынбыз, біз бұл жарнамаларды мүлдем жарияламаймыз, олардың қайда бар екенінде білмейміз, тіпті дүкендерінің жалпы санын білмейміз. Өздеріңіз білетіндей дүкендер ашылып, кейін қайта жабылып жатады, жалдаушыларда өзгеріп тұрады, адамдардың қай уақытта нені іліп, нені ілмей жатқанына әсер ете алмаймыз. Біз оны алып тастауға тырыстық, тіпті оны тоқтату үшін аутсорсинг компаниясында жалдаған болатынбыз. Бірақ дүкен иелері қарсы қарсылық танытуда. Мысалыға маңдайшада дүкеннің атауы және «Pepsi» суреті жазылған. Олар оны алып тастағысы келмейді, ал жарнама үшін төлем бізге келеді... Бірнеше айға есептеулер жүргізіледі, біздің есеп шоттарымызда қарыз төлемдері пайда болуда. Егер оларды төлемеген жағдайда, шоттарымызды жауып тастайтын болады. Біз үшін бұл контрагенттер алдындағы жоғары міндеттемелер болып табылады. Біз жай ғана қарап отырып төлеуге мәжбүрміз. Басқа жол жоқ», – деді айтты «RG BRANDS» компаниясының корпоративтік салық салу жөніндегі менеджері Айдар Сәрсебаев.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Айтуар Қошмамбетов атап өткендей, профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша Бақылау субъектісіне немесе объектісіне бармай бұзушылықтар анықталған жағдайда, оған бұзушылық анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсыныс жіберіледі. Ұсыным оған қол қойғызып немесе оны жөнелту мен алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылуға тиіс.

«Алайда, уәкілетті орган бұл норманы орындамайды. Осылайша, уәкілетті мемлекеттік органдар арасында, атап айтқанда Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы мен Алматы қаласының мемлекеттік кірістер департаменті арасындағы нақты өзара байланыстын болмауына орай кәсіпкерлердің берешектерін жасанды түрде ұлғайту орын алуда, тараптардың міндеттемелерді орындауының нақты регламенті жоқ», - деп айтты ол.

Сонымен қатар, Сәулет және қала құрылысы басқармасы мемлекеттік кірістер департаментіне № 16 толтырылған қосымша нысанындағы мәліметтерді беруі тиіс, онда жарнаманы ескертусіз және төлемсіз орналастырған кәсіпкер туралы барлық деректер – оның қатарында БСН немесе ЖСН, мекеме атауы, мекенжайы және т. б. мәліметтері болуы тиіс. Оның орнына Сәулет және қала құрылысы басқармасы аталған қосымшаларды БСН/ЖСН көрсетпестен беруде, нәтижесінде мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы жарнама үшін төлемді тиісті емес кәсіпкерлерге жазып беруде. 

«Салық кодексі жазылған кезде, меншік иелеріне жарнама ақысын төлеу керек деген ұсыныс айтылды, бірақ бұл ереженің соңғы нұсқасында ол болмаған. Ағымдағы жылы біз Ұлттық экономика Министрлігіне ұсыныстар жіберген болатынбыз. Мемлекеттік органдар ең аз қарсыласу жолымен жүрде – егер өнімді өндіруші болса, онда жарнама ақысы соған есептеледі», – деп атап өтті Айдар Сәрсебаев.

«Фаберлик-Қазақстан» ЖШС көрнекі жарнама бойынша осындай мәселеге тап болған.

«Біз тікелей сату, желілік маркетинг әдісімен жұмыс істейміз. Бізде үлкен гипермаркеттердің аумағындағы шағын кәсіпкерлердің болуына және олар біздің жарнаманы іліп қоюын жолықтырдық, немесе қала көшелерінде «Фаберлик» жарнамасы ілініп жатыр, кейін бұл жарнама үшін біз төлейміз. Бізге есептерді жазып береді біз оған төлем жасай алмаймыз. Біздің атымызды пайдаланатын осы адамдардың деректері бізде жоқ», - деп компанияның заңгері Джамиль Енгалычев айтып берді.

Әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлімнің сарапшысы Гүлнар Мамажанованың пікірінше, егер уәкілетті орган кәсіпкерлерге хабарлама берсе, бұл жарнама үшін негізсіз төлем төлеуден құтылуға көмектеседі.

«Бұл кәсіпкерге оның нысаны емес екенін түсіндіріп айтуға мүмкіндік бере алар еді. Өкінішке орай, бұл нормалар орындалмайды, ұсыныс дұрыс жұмыс істемеуде. Бізге жыл басынан бері 10 өтініш келіп түсті. Біз осы норманы енгіздік, ол үшін күрестік, алайда ол жұмыс істемейді», – деп толықтырып өтті Гүлнар Мамажанова.

Ұйымдастырушылар төлеушілерге ғимараттармен, үй-жайлардың, құрылыстардың иелері болуын көздейтін «Жарнама туралы» Заңға түзетулер енгізуді ұсынды. Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті егер Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы толық ұсынымды бермеген болмаса, ақпаратты қабылдамауды ұсынды (№16-қосымша). Сондай-ақ, «Жарнама туралы» Заңның ережелерін түсіндіре отырып, осы мәселемен айналысатын лауазымды адамдар үшін тренингтер ұйымдастыру туралы ұсыныс болды.

Кездесу барысында кәсіпкерлер басқа да мәселелерді айтты: «Атакент» көрме орталығының жалға алушылары мен қонақтары үшін қиындықтарды; жалдау шарттарын ұзарту және коммуналдық объектілерді жалға алушылар үшін тізілім веб-порталында оларға қосымша келісімдерді тіркеу мәселелері; нормативтік-құқықтық базаның болмауы және елдегі сауда-саттықты заңдастыру және басқада мәселелер.

Барлық айтылған мәселелерді ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлік мәселелері бойынша арнайы құрылған Сараптамалық топ егжей-тегжейлі зерттейтін болады. Осыдан кейін проблемаларды шешу бойынша ұсыныстар, оның ішінде тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер енгізіледі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер