astana-view

Шымкенттік шенеуніктер жолаушылар тасымалдары нарығында бәсекелестікті шектеп отыр

2019 жылғы 06 Қазан
- Шымкент қаласы
10937 просмотров

Автобустардың жолда жарысып жүруі, автобус жүргізушілерінің даулары, ұрыс-керісі – бұл жергілікті атқарушы органдар тарапынан жасалған әкімшілік кедергілердің салдары

Осындай ойға Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшелері Кеңестің кезекті отырысында айтты.

Тасымалдаушылардың айтуынша, ел ауқымында үшінші болып саналатын қаладағы қоғамдық көліктің жұмысын ұйымдастыруда хаос орнаған.

«Осы салада тәртіпті орнатудың орнына жергілікті органдар Shymkent bus муниципалды автобус паркінің пайдасына қарай нарықтан жеке тасымалдаушыларды ығыстыруды көздеп отырған сынайлы. Жаңа автобустардың маршруттары қазір біз жұмыс істеп жатқан бағыттарды қайталап отыр. Нәтижесінде, кірісіміз екі есе азайып қалды, ал бізде несиелеріміз бар,  машиналарды жөндеу, жүргізушілердің жалақысын төлеу қажет», – деді «Южавтотранс» автотасымалдаушылар қауымдастығының төрағасы Дархан Қаюпов.

 Жекеменшік тасымалдаушылардың айтуынша, орын алған тәртіпсіздік жергілікті органдар тарапынан орын алған: жұмыс істеп жатқан маршруттардың нөміріне 1 санын қосып, қолданыстағы схеманы өзгертпестен жаңа маршруттар ретінде жіберген, осылайша көлік саласындағы бәсекелестікті шектеген.

 Нәтижесінде – автобус жүргізушілері жол үстінде жарысады, автобустар бір біріне жолды бөгеп, жүргізушілер көліктерді тоқтатып, көшеге шығып, дауласып, тіпті жаға жыртысады.

Анықталғандай, маршруттардан бөлек, Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жеке тасымалдаушыларға басқа да кедергілерді келтіруде. Атап айтқада, тасымалдаушы-компаниялармен келісімшарттарды бір жақты бұзу, автобус маршруттарын бекіту туралы бұйрықты қабылдағанға дейін муниципалды парк автобустарын маршруттарға шығару, маршруттарда жұмыс істеуге құқық беретін куәліктерсіз тасымалдауларды жүзеге асыру.

Маршруттарғы қызмет көрсетуге құқық беретін куәліктің болмауы бойынша құқық бұзышулыққа Шымкент қаласы бойынша Көлік бақылау инспекциясы ағымдағы жылдың қыркүйек айында УК «Shymkent Bus» ЖШС (муниципалды парк) автобустарына қатысты жалпы сомасы 650 176 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салумен 50 әкімшілік іс қозғады, осыған байланысты инспекция маршруттарға «УК «Shymkent Bus» ЖШС автобустары қызметін сәйкес куәліктер берілмегенше, дереу тоқтатуды талап етті. Бірақ муниципалды автобустар қызметін қала бойынша әлі де жүргізіп жатыр.

 Кеңес мүшелері неліктен кейбір компаниялар өздері жасаған заң бұзушылықтарға көз жұма отырып, маршруттарды алуға басым құқықты алады, деп мәселе көтерді. Осы ретте жолаушылар тасымалдары нарығында  ұсақ олқылықтары үшін  20-жылдық тәжірибесі бар басқа компаниялардан маршруттарды тартып алады, осындай кедергілер салдарынан жеке компнаиялардың жартысы нарықтан кетуге мәжбүр болды.

 Қорытынды анық: шымкенттік шенеуніктер жолаушылар тасымалдары нарығында барлық қатысушыларға бірдей қарау қағидатын бұзып отыр.

 Тасымалдаушылар, сонымен қатар қалада тасымалдаушылар шығындарын субсидиялау механизмінің жұмыс істемейтініне шағымданды. Шымкенттің ішкі маршруттары бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көлік компаниялары әлі бірде бір рет (!) қалалық әкімдіктен өтемақы алған жоқ, дегенмен қала билігі бұны орындау керек. Сонымен қатар жеңілдікпен жол жүрі құқығын қолданушылар үшін шығындар да өтемлейді. Тасымалдаушылар жергілікті атқарушы органдармен ауызша келісіп, студенттерге жеңілдетілген тариф және көп балалы аналарды тегін тасымалдайды.

 Осы ретте Шымкент қаласында жолаушыларды тасымалдау тарифы ел ауқымында ең арзан. Жанармай отын бағасының тұрақсыздығы,  қосалқы бөлшектердің қымбаттауы, билік тарапынан субсидиялаудың болмауы – саланы шығынды етеді. Осындай себептер бойынша тасымалдаушылардың көбі автобустарды жаңарта алмай отыр. Түптеп келгенде жекеменшік тасымалдауышлар маршруттарынан айрылып қалуы мүмкін. Көп кәсіпкер автобустарды несиеге алған.

 Тасымалдаушылар электронды билеттеуді енгізу орын алған ситуацияны реттейтін еді деген пікірде. Бірақ бұл жұмыс әкімдіктің құзіретінде, аталған орған бірнеше жыл бойы осы мәселені шеше алмай келеді.

 Кәсіпкерлер палатасында қалалық қоғамдық көлік мәселелері жиі көтеріледі, дөңгелек үстелдер, жиындар, Кеңес отырысындағы талқылауларға өкілетті органдар келмейді. Кеңестің өткен отырысына да әкімдіктің өкілдері қатыспады. Ал осы жолы Кеңес отырысына Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастыығыны міндетін атқарушы Абай Тұрханов келді. Басшы көтерілген мәселелер жақын арада қаралатынын, осы бағытта арнайы жұмыс тобы құрылғанын айтты. Жұмыс тобына жеке автотасымалдаушылар қауымдастығының өкілдері кірген.

Схемалардың кез келген өзгеруі енді мақұлдаумен жасалады. Қалалық қоғамдық көлікті дамытудың біріктірілген схемасы да келісілетін болады.

 Отырыс қорытындысы бойынша Кеңес: Кәсіпкерлер палатасы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің бастығы жариялаған бұйрықтың заңдылығын тексеру үшін қалалық прокуратураға, сонымен қатар Шымкент қаласы әкімдігіне маршруттарды оңтайландыру, электронды биллеттеу және тасымалдаушылар шығынын субсидиялау бойынша шешім қабылдау туралы сұратын жібереді деп шешті. Егер тасымалдаушыларға қатысты келісімшарттарды жаңарту бойынша шаралар қабылданбаса, кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамсына қатысты сотқа арыз беруде құқықтарын қорғауға көмектесуге дайын.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер