astana-view

Павлодарлық жастар BASTA форумына шақырылады

2019 жылғы 10 Қазан
- Павлодар облысы
4958 просмотров

2019 жылдың 12 қазанында Атамекен өңірлік палатасында табысты, жетістікке жеткен кәсіпкерлер «Жас Кәсіпкер», «Бизнес мектеп», «Бастау» жобасының түлектерімен, бизнесте алғашқы қадамдарын бастайтын бастаушы кәсіпкерлермен және жеке ісін қазір бастағысы келетіндермен тәжірибе бөліседі.
Бірінші «BASTA» жастар форумы - Павлодар облысының 200-ден астам жастарын біріктіреді.
Спикерлер арасында:
Ольга Лысенко - жаттықтырушы, 19 оқулықтың авторы - Бизнес қалай басталады. Неліктен философия бизнес-үрдістерді жазудан бұрын болуы керек.
Айдар Курумбаев - шоумен, мейрамханлар иесі - Армандар орындалады.
Акул Мадьян - «Networking» - Сириядан келіп, 100 миллион теңгеге танысуды қалай жасауға болады.
Руслан Киселев - Измир кафе, мейрамханалар желісінің негізін қалаушы.
Дмитрий Казанцев - «Салық туралы қарапайым тілде» кітабының авторы - Қалай заңды жұмыс істеп, аз салық төлеуге болады.


«BASTA» форумы барысында жастар қарым-қатынас жасай алады, сәтті кәсіпкерлердің нақты жетістіктері туралы ести алады, көкейкесті сұрақтар қоя алады, оларды жолда қандай «қиыншылықтар» күтіп тұрғанын және қалай жеңуге болатындығын біледі.
Ағымдағы жылдың 9 айында Павлодар облысында «Бастау» жобасы бойынша 900 адам оқытудан өтті.
Сонымен қатар, биыл «Жас кәсіпкер» жобасы жүзеге асырылуда, ол бүкіл өңірдегі жастар мен көп балалы отбасылардың мүшелерін біріктірді. «Жас Кәсіпкер» жобасы «Еңбек» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
екі оқу ағынынан, курсқа Павлодар облысының 10 ауданы мен 3 моноқаласында 800 адамнан астам қатысты. 
Өтетін орны: Павлодар қаласы, «Инвесторлар үйі», Луговая к., 16, 2 қабат, сағат 10.00-де. 
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер