astana-view

Бизнеске қарсы қылмыстарды Қылмыстық кодекстің жекелеген тарауында топтастыру қажет – Тимур Құлыбаев

2019 жылғы 11 Қазан
6288 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев бизнеске қарсы қылмыстар бойынша Қылмыстық кодексте көзделген жазалауды қайта қарауды ұсынды

Нұр-Сұлтан қаласында «Прокуратураның кәсіпкерлік саласындағы қадағалауы» бизнесті қорғау жөніндегі IV форумы өтіп жатыр, онда Бас Прокуратура және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында 2019 жылға қол қойылған жол картасын жүзеге асыру қорытындысы талқылануда.  

Өз алғы сөзінде Тимур Құлыбаев бүгін бизнесті қорғау жөнінде төртінші форум өткізіліп жатқанын, осы уақыт аралығында 90-нан астам бірлескен іс-шара ұйымдастырылғанын атап өтті. Ұлттық палата басшысының айтуынша, қылмыстық кодексті ізгілендіру бойынша жүйелі жұмыс басталды.

 «Бұл жұмыс та оң әсер берді. Нәтижесінде экономика саласындағы тіркелген қылмыстық істер саны 5 есе қысқарды. Қарапайым тілмен айтқанда, реформаның үш жылында (2016-2018 жылдары) 20 мыңнан астам бизнесмен экономикалық айналымда қалып, өз кәсіпорындарын және жұмыс орындарды сақтап қалды», – деді «Атамекен» басшысы.

 Осы ретте Тимур Құлыбаев бизнестің өкілетті органдардың араласуымен байланысты мәселелерін көтерді. Кәсіпкерлер барлық инстанциялар және қоғамдық институттар көмегіне жүгінуге мәжбүр. Құқықтық сатистика органдарының деректері бойынша 2018 жылдың өзінде 50 мыңнан астам шағым тіркелген, осы ретте небәрі 61 өкілетті тұлғаға тәртіптік жазалау қолданылған.

 Спикердің айтуынша, қылмыстық және әкімшілік әсер ету шаралары жұмыс істемейді, барлық жерде статистика нөлге тең. Теңгерім мен қарама-қарсылық жүйесі де жұмыс істемейді. Тимур Құлыбаев бизнеске қарсы қылмыстарды кешенді қайта қарап, кеңейтіп, қылмыстық кодексінде жеке тарауға топтастыру қажет деп санайды.

 «Бинеске ертеңгі күнге деген сенім, жеке меншікке қол сұғылмайтынына кепіл қажет. Бұл жерде сот билігі мен судьялардың рөлі зор. Жоғарғы сот формализмді алып тастау, бизнес және мемлекеттік аппарат арасындағы дауда теңсіздікті жою бойынша белсенді шаралар қолдануда, төрелік корпустың сапасы артып келеді. Кәсіпкерлік қоғамдастық бұл бастамаларды қолдап отыр. Астана халықаралық қаржы орталығының коммерциялық дауларды шешу жөніндегі сотының оң тәжірибесін есепке алуды ұсынамын», – деп қорытындылады «Атамекен» басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер