astana-view

Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа отырысы өтті

2014 жылғы 10 Сәуір
6691 просмотров

10 сәуірде Астанада ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) Төралқа отырысы өтті.

Жиналысты аша отырып, ҰКП Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев Кәсіпкерлер палатасының өзі қызмет еткен бірнеше ай ішінде жасап үлгерген бірқатар атқарылған жұмыстары мен жетістіктерін атап өтті.

«Біздің алдымызға қойылған негізгі міндет – елдегі бизнес климатты жақсарту бойынша мақсатқа бағытталған жұмыс. Бүгінгі күні Палатаның басқару органдары, оның Төралқасы жасақталған, оған, заң және жарғыға сәйкес, өңірлік кеңестердің басшылары кіреді. Кәсіпкерлердің жолданымдарын қабылдау, қарастыру және талдау бойынша күн сайынғы жұмыс ұйымдастырылған. Ақпаннан бері елдегі бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырған 277 жүйелік мәселе анықтады, және де оларды шешудің табысты мысалдары да баршылық. Бас прокуратурамен және қаржы полициясымен қызметтестік туралы келісімдерге қол қойылды. Сонымен қатар, заңнамаға тексеріс жүргізілді, оның қорытындылары бойынша 217 түзету жасалды, оның ішінде 93 түзету мақұлданып та қойды. 1100-ден астам нормативтік-құқықтық актілерге сараптама жүргізілді, 445 жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар берілді. Және де, соңғысы, біздің ортақ елеулі жетістігіміз Елбасының шағын бизнесті тексеруге тыйым салу туралы Жарлығы болып табылады», - деп атап кетті Тимур Құлыбаев.

Сонымен қатар, Елбасының басқа бір Жарлығымен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рөлін күшейту бойынша, сонымен бірге бизнес-омбудсмен кәсіпкерлерінің құқықтары бойынша өкілетті институтты енгізу арқылы күшейту міндеті қойылды.

Кәсіпкерлер палатасының Төралқа отырысы ҚР Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесін жүргізу қарсаңында өтті. Елбасы өзінің елдегі экономиканың маңызды қозғалтқыш күші қуатты орта тапты қалыптастыру бойынша бағдарламасын таныстырады деп күтілуде.

Жиналысқа қатысушылар Ұлттық инвесторлар кеңесінің аясында көтерілетін сауалдарды талқылады. Оның ішінде, Халық банктің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова өкілдік ететін қаржы секторы борыштарды қайта құрылымдандыру, теңгерімдерді ескі проблемалы қарыздардан тазарту, теңгелік өтімділікпен арадағы жағдайды қалыпқа келтіру, сондай-ақ кәсіпкерліктің қаржы ресурстарына қолжетімділігі сияқты міндеттерді қозғамақшы.

Ірі бизнес атынан Қазақстан автобизнес қауымдастығының президенті, «Аллюр Авто» компаниясының бас директоры Сергей Лаврентьев сөз алады, өйткені автоөнеркәсіп индустриалды даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бөлімінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Шағын бизнесті «Ютария ltd инновациялық өндіріс компаниясы» ЖШС бас директоры Сәуле Шауенова ұсынады, ол өзінің мемлекеттік-жеке серіктестіктегі сәтті тәжірибесімен бөліседі.

Негізгі баяндамашылардың бірі – ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов – Палатаның ерекше өзекті бағдарламалары бойынша әңгімелейді. Бұл өңірлік кластерлерді дамыту және өңірлік палаталардың қамқорлығымен кәсіпкерлік картасын құру. ШОБ, олардың мүдделері мен заңды құқықтарын қорғау, әкімшілік кедергілерді азайту, қаражаттың қолжетімділігі мен сервистік қолдау көрсету мәселелері бөлек топтамада көрсетілген. Сондай-ақ табиғи монополия тарифтері, жергілікті мазмұн мәселелері, ауылда бизнес жүргізу және кәсіпкерліктің басқа да кейбір мәселелері де қарастырылатын болады.

Төралқа отырысын аяқтай келе Тимур Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңды қабылдаумен елде мемлекеттік органдар және үкіметпен тең құқылы серіктес пайда болғанын атап кетті. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған ел Президентінің тапсырмаларын іске асыру үшін, ҰКП бар күшін салып, отандық бизнеске жан-жақты көмегін көрсетуге тиіс. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер