astana-view

Шаруалардың түйткілді мәселелерін шешу жөнінде іс-әрекеттер талқыланды

2019 жылғы 14 Қазан
6068 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз алаңына аграрлық мәселелерге қатысы бар барлық салалық ведомстволардың басын қосты.

Аграрийлердің мәселелері тыңдалды, жиын нәтижесі бойынша мәселелерді нүктелі шешу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық қауымдастықтармен кездесулерінің кестесін жасау бойынша шешім қабылданды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзыретінен тыс мәселелерді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үкіметтік деңгейге шығармақ.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов аграрлық мәселелерге қатысты кездесуді Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровпен бірігіп, өткізді. Жиынға сонымен қатар АӨК және тамақ өнеркәсібі комитетінің мүшелері, салалық мемлекеттік органдар және бизнес өкілдері қатысты.

Қатысушалр саладағы негізгі мәселелерді көтеріп, талқылады. Аграрлық бизнестің өкілдері субсидиялардың үнемі тапшылығын, саланың жүйелі қаржыланбауы, несиеге қолжетімсіздік, «Қолдау» ақпараттық жүйенің кемшіліктерін айтты. Ал салалық қауымдастықтардың өкілдері салада осы күрделі жылдағы проблемаларды тілге тиек етті. Мәселен, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы АӨК комитетінің төрағасы Иван Сауэр импортты алмастыру бойынша түбегейлі шараларды қабылдау қажеттілігі туралы мәселені көтерді. Иван Сауэрдың пікірінше, мемлекеттік қолдау Қазақстан импорттық тәуелді өнім түрлеріне бағытталуы керек. Мәселен, Қазақстан жыл сайын 151 млн АҚШ долларына сүт өнімдерін импорттайды. Отандық сүт өндірушілерге жүйелі қолдау көрсетілсе, сырттан келген өнімді отандық өніммен алмастыруға болады.

Абылай Мырзахметов көрші елдердің үлгісін негізге алып, отандық өндірушілерді қорғау бойынша қатаң шаралар қолдану қажеттігі туралы пікірін білдірді:

«Біз саналы протекционизм саясатын енгізуіміз керек деп көптен бері айтып келеміз. Көрші елдердің үкіметтері отандық өндірушілерді қорғай отырып, осымен ғана айналысуда. Бізге де белсенді әрекет ету қажет, отандық өндірушілер мүддесіне қарай айналы шараларды қолданудың уақыты жетті».

Әр қосалқы саланың мәселелерін егжей-тегжейлі қарау үшін Сапархан Омаров әр қауымдастыпен жұмыс кездесулерді ұйымдастыруды ұсынды.

«Әр қауымдастықпен кездесу ұйымдастыру бойынша жоспар құрдық. Бірінші кезекте – ұн тартушылар, кейін – дәнді дақыл өсірушілер және т.б.» – деп атап өтті Сапархан Омаров.

Қауымдастықтар ұсынған шаралар агроөнеркәсіптік кешеннің қосалқы салалардағы мәселелерді нақты шешу бойынша іс-шараларының одан әрі жоспарын жасауға мүмкіндік береді.

Аталған бастаманы бизнес өкілдері қолдады.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының позициясы – ауыл шаруашылығының мәселелорін шешу кешенді болуы керек – сондықтан Ауыл шаруашылығы министрілгінң құзыретінен тыс мәселелерді ҰКП үкімет деңгейіне шығарады.

Байланыс:

«Атамекен» ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті

8 (7172) 919-367, pr@atameken.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер