astana-view

Адалдық презумпциясы

2019 жылғы 21 Қазан
7983 просмотров

«Атамекен» ҰКП жұмысының нәтижесінде жаңа Салық кодексінде жаңа қағидат – салық төлеушінің адалдығы қағидаты пайда болды

 Оның мәні салық заңнамасының барлық айқын емес тұстары мен реттелмеген мәселелері салық төлеушінің пайдасына түсіндіріледі.

Бизнес проблемасының мәні

Салық кодексіне адалдық қағидатын енгізуге дейін салық органдары тарапынан негізсіз және заңсыз қосымша салық салуы салдары жиілеп кетті, бұл әрекеттер ары қарай салық апелляциясы, сонымен қатар соттар тарапынан қолдау тапқан. Осы ретте кәсіпкер салық органдарынан қосымша салықтар мен айыппұлдар туралы жеткілікті дәлелдер болмаған кезде өзінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін көп уақыт пен қаражат жұмсауға мәжбүр болды.

Ал қосымша салынған салық сомалары мен айыппұлдар түсіндірмесі екі  түрлі немесе мүлде сипаттауы жоқ салық қатынастары нормалары бойынша туындаған.

Осыған байланысты жаңа Салық кодексін әзірлеуде ҰКП адалдық қағидатын енгізуді ұсынды, оның мәні егер тұлғаның салықтық бұзышылық жасау бойынша кінәсін салық органы белгіленген тәртіпте дәлелдемегенше тұлға кінәлі емес деп танылады.

 «Атамекен» ҰКП ұсынысы бойынша шешім

2018 жылыдң 1 қаңтарында салық заңнамасында салық төлеушінің адалдығы қағидаты күшіне енді, онда егер салық органдары түсіндірме хатты қайта сұратып немесе өзгертсе кәсіпкер әкімшілік жауапкершілік және өсімақы төлеуден босатылады делінген.

Сонымен қатар тұлғаның кінәсі салық органымен дәлелденбегенше ол салықтық бұзушылық жасауда кінәсіз болып есептеледі, яғни салықтық тексеру кезінде дәлелдеу базасын қалыптастыру салық органымен жүзеге асырылады.

Шағымды тексеру нәтижесі туралы хабарламаға қарау кезінде салық заңнамасының барлық айқын емес тұстары мен реттелмеген мәселелері салық төлеушінің пайдасына түсіндіріледі.

Нәтиже

Осылайша, Қаржы министрілігі жанындағы Апелляциялық комиссиясында қарау кезінде аталған қағидатты қолдана отырып шешімді кәсіпкер пайдасына шығарды. Аталған Апелляциялық комиссия құрамына ҰКП өкілі кіреді.

 Кәсіпкердегі мәселе пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеуді түзетуге қатысты болған.

 Қаржы министрлігі Апелляциялық комиссиясына берілген кәсіпкердің шағымында Салық кодексінің 2018 жылға дейінгі нормасы салық төлеушілерге жер қойнауын пайдалану құқығын алған күнге қарамастан күнтізбелік жылдың соңғы салық кезеңінің (4-тоқсан) алғашқы үш тоқсанында жоспарланған көрсеткіштер бойынша есептелген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық сомаларын түзетуге міндеттеледі делінген.

 Кәсіпкердің айтуынша, заң заңнамасында салық кезеңінің (4-тоқсан) алғашқы үш тоқсанында мұнайды өндірудің нақты көрсеткіші бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты төлеу қарастырылмаған, сонымен қатар 20 қаңтардан кейін жер қойнауын пайдалану құқығын алған салық төлеушілер бойынша шикі мұнай өндірудің жоспарланған көлемдері туралы анықтаманы беру тәртібі реттелмеген.

 Кәсіпкер мемлекет бюджеті салық төлеушінің 4-тоқсанда сомаларды түзетуді көрсеткен кезде, сондай-ақ осы сомаларды 3-тоқсанда көрсету кезіндеде ешқандай шығын көрмегенін атап өтті.

 Осылайша, пайдалы қазбаларды өндіру салығының түбегейлі сомасы күнтізбелік есептік жыл қорытындысы бойынша анықталатындықтан және 1-3  тоқсанға пайдалы қазбаларды өндіруге салықтың есептелген сомаларын түзету 4 тоқсанға пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларацияда жүргізіледі, демек сәйкес түзетуді алып тастау бөлігінде салықтық тексеру нәтиежелері негізсіз болып табылады.

 Осы ретте шешімде салық салу қағидаттарына міндеттілік, салық салу сенімділігі, салық салудың әділдігі, салық төлеушінің адалдығы, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ашықтығы қағидаттары жатады делінген.

 Қазақстан Республикасының салық заңнамасының ережелері салық салу қағидаттарына қайшы келмеуі тиіс.

 Салық төлеушінің адалық қағидаты – тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау кезінде Қазақстан Републикасының салық заңнамасының барлық айқын емес тұстары мен реттелмеген мәселелері салық төлеушінің пайдасына түсіндіріледі.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер