astana-view

«Ашық аспан» режимін енгізудің әлемдік модельдері талқыланды

2019 жылғы 29 Қазан
5095 просмотров

«Ашық аспан» режимін енгізу жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы барысында бизнес-қоғамдастық өкілдері «ашық аспан» режимінің үш моделін қарастыруды ұсынды

Атап айтқанда: өкілетті мемлекеттік органды ақпараттандырумен, өкілетті мемлекеттік органның қатысуымен модельдер. Сонымен қатар қауіпсіз мемлекеттер және маршруттар тізбесі негізіндегі моделі, оны мемлекеттік органға немесе авиациялық билікке әзірлеу ұсынылды, аталған модельге сәйкес әуежайлар жаңа маршруттың ашылуы туралы хабарлай отырып, авиа тасымалдаушылармен тікелей келісімшарттар жасайды.

Авиакомпаниялар Қазақстанның ЕАЭО-да болуын, трансфертті және транзиттік жолаушылар, багажға қызмет көрсету процедураларын жетілдіруді ескере отырып, «ашық аспан» саясатын құру қажеттілігін атап өтті.

 Сонымен қатар отандық авиатасымалдаушылар өз мемлекеті ішінде субсидияланатын шетелдік авиа компаниялардың нарыққа келу мүмкіндігіне алаңдаушылық білдіруде.

 Өз кезегінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті «ашық аспан» – бірнеше елдің авиациялық биліктері арасындағы мемлекетаралық келісімінің түрі деген позицияны ұстануда, аталған келісім рейстер саны, келіп-кету пунктері, сыйымдылық және басқа да бағыттар бойынша шектеулерді алып тастауды қарастырады.

 Жиын барысында тараптар елдің бес әуежайында әуе еркіндігінің бесінші дәрежесін жүзеге асырудағы Өзбекстан тәжірибесін зерделеуге келісті. Сонымен қатар Ресейдің тәжірибесі, атап айтқанда, Пулково федералды маңызы бар халықаралық әуежай, онда 33 шетелдік бағыт еркіндіктің 7 дәрежесіне ие.

 Талқылау нәтижесінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комиететіне ұлттық тасымалдаушының, әуежайлардың және отандық авиатасымалдаушылардың мүдделерін ескере отырып, «ашық аспан» режимін енгізу мақсатын айқындайтын интеграцияланған көзқарас аясында нақты ұсыныстар әзірлеу ұсынылды.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық рейстердің санын арттыру қажеттілігін айтқан болатын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер