astana-view

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытудың жаңа тәсілдері талқыланды

2019 жылғы 29 Қазан
7208 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП алаңында МЖӘ жобаларына мониторинг жүргізу жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Талқылауға елордадан және өңірлерден 100-ден астам адам қатысты

Кеңестің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов жиынды ашып жобалардың қаржылық модельдерінің нашар зерттелгенін, инвесторлар мен кредиторлардың қажетті деңгейде қорғалмағандығын атап өтті. Сондықтан банктер әлі күнге дейін МЖӘ жобаларын несиелендіруге құлықсыз.

«Қазіргі таңда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша берешек мемлекеттік қарыздың бір түріне айналып барады. Бұл мемлекеттің ішкі қарызы, оның мөлшері сыртқы қарызбен өлшеуге болады – 1,5 триллион теңгеге жуық. Заңнамаға өзгерістер енгізу және осы мәселені реттеуге қажеттілігі қайдан туды? Өйткені орын алған жағдай ары қарай жалғаспауы керек. Мемлекет өзіне жауапкершілікті бақылаусыз ала алмайды», – деді депутат.

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев өз баяндамасында министрліктің заңнаманы өзгерту бойынша жұмысы туралы ақпарат берді.

 «Біз бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында заңнаманы өзгерту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Өзгерістер бюджет тұрақтылығын күшейтуге, қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін консалтингтік ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ елімізге инвестицияларды тартуға бағдарлауға көмектеседі. Біз бұл түзетулерді барлық мүдделі тараптармен талқылап жатырмыз. Нарық, мемлекеттік органдар, халықаралық қаржы институттары қатысады. Біз МЖӘ құралдары арқылы бизнес ортаны жеңілдететін заң жобасын қабылдау мақсатында консенсус табуға тырысамыз», – деді вице-министр Жаслан Мәдиев.  

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева өз баяндамасында бизнес-қоғамдастықтың негізгі позицияларын және Палата ұсыныстарын атап өтті.

 «Біз аталған заң жобасының «саннан сапаға» мақсатын қолдаймыз. Бірақ әзірлеушілермен мақсатқа жету жолында құралдар бойынша кішкене түрлі пікірдеміз. Атап айтқанда, министрлік МЖӘ жобалары бойынша қолдаудың барлық шараларын алып тастап, оларды бір төлемге біріктіруді ұсынуда. Бұл шара өте қиын жобалардың ашықтығын төмендетеді деп санаймыз. Керісінше, біз МЖӘ шартының әр нысаны үшін мемлекеттік қолдаудың мүмкін көздерін пайдалану әдістемесін әзірлеуді ұсынамыз», – деді Юлия Якупбаева.

«Astana invest» инвестицияларды дамытудың қалалық орталығы Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Мұсатаева осы позицияға қолдау білдірді. МЖӘ жобаларында жекеменшік тарапқа шығындарды өтеуді алып тастау қызметтерде тарифтердің жоғарылауына әкеледі деп айтты.

«Есептеулерімізге сәйкес, МЖӘ бойынша балабақша мысалында  инвестициялық шығындарды өтеуді алып тастаса,   онда бір балаға айына 80 мыңнан 180 мыңға дейін төлеуге тура келеді», – деді спикер

 Палата салалық сарапшылармен бірге МЖӘ дамуына әлеует бар салаларда «Пакетті МЖӘ» – стандартталған инвестициялық шешімдерді әзірлеуді бастауға дайын. Атап айтқанда, бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, білім беру объектілерінде, цифрландыру, жол инфрақұрылымы салалары.

 «Барлығы алты сала. Осы салада әрі қарай таралуы үшін біз салалық ерекшеліктерді, оның ішінде қаржылық үлгісін, құжаттар шаблонын ескере отырып, нақты құжаттар топтамасын әзірлеуіміз керек», – деді Юлия Якупбаева. 

МЖӘ мәмілерін қаржыландыруда ұқсас тәжірибе «Сбербанк России» АҚ қолданады. 2018 жылы банк 12,2 млрд теңге көлемінде 30 жобаны іске асырды. 2019 жылы бұл көрсеткіш екі есе артады.

 Ал сарапшылық қоғамдастық заңнаманың МЖӘ Казорталығының жобаларды сүйемелдеу жөніндегі консультациялық қызметін монополизациялау бойынша нормасына қарсы шықты.

 «Қазорталық функцияларын МЖӘ саласындағы білім базасын қалыптастыруға, озық тәжірибелерді таратуға және жобаның мониторингіне бағытталу керек. Сонымен қатар, жобалардың тізілімін жүргізу енді жеткіліксіз. Нарық пен тексерушілерде жобаның түсінікті паспортымен цифрлық платформаға қажеттілігі бар», – деді Юлия Якупбаева.

 Сонымен қатар Кеңес алаңында өңірдегі кәсіпкерлердің шағымдары тыңдалды.

«Жобаларды әкімдіктер тарапынан қарау мен мақұлдауды кешіктіру өзекті мәселелер ішінде көш бастап тұрған проблема. Мемлекеттік серіктес тарапынан міндеттерді орындамау белең алған, бұл жайт келісімшарттық міндеттерді бұзу болып табылады», – ҰКП МЖӘ департаментінің директоры Назгүл Узалина.

Кеңес төрағасы Ұлттық экономика министрлігі және Палатаға заң жобасы бойынша жұмыс тобының шеңберіндегі бизнес және сараптамалық қауымдастықтың ұсыныстарын пысықтау және «Пакеттік МЖӘ» мәселесі бойынша бірнеше секторда кіші топтар құрудан бастауды ұсынды.

 «3 пилоттық жоба: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру саласын алып көрелік.топтар өздерінің салалық сипаттамаларына қарай ұсыныстары мен қаржылық модельдерін әзірлеп, олардың Кеңестің келесі отырысында хабарлайды. Бүгінде МЖӘ дамуы бойынша ұсыныстарды әзірлеумен айналысатын тұрақты жұмыс істейтін алаң қажет», – деп қорытындылады Аманжан Жамалаов.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер