astana-view

Эльдар Жұмағазиев: «Жобаға қатысушылар кешегі жұмыссыздар екенін есте сақтау қажет»

2019 жылғы 30 Қазан
5549 просмотров

«Бастау» бағдарламасының жүзеге асырылу қорытындысы 29 қазан күні ҚР Үкіметі отырысында қаралды. 2017 жылдан бастап «Бастау» жобасы бойынша оқуға 88 мың адам қатысты, соның ішінде 23,5 мың адам (26,5%) жеке кәсіп ашып, 35 мың жұмыс орнын құрды

Жобаны іске асыру уақыты аралығында Қазақстанда кәсіпкерлер саны 2%-ға артты. «Бастаулықтардың» басым көпшілігі – 71%-ы ауыл шаруашылығымен айналысып, өндірістік-өткізу тізбектеріне араласуды үйренді, осылайша олардың бизнесі нығая түсуде.

«2019 жылы кәсіпкерлік әлеуеті жоғары қатысушылардың арасында «кооперацияны» ұйымдастырдық, осылайша тұрақты табысы бар бизнесті құруға мүмкіндік жасалып, оқуға қатысушылар дефолт қаупі азайтылды. Нәтижелерді талдау үшін Жамбыл және Батыс Қазақстан облысын алдық. Бұл өңірлерде ет және сүт бағытында 150 өңдеу кәсіпорны бар, олар толық қуаттылықтан 9-60%-ға жүктелген. «Бастау» бағдарламасының түлектері осы кәсіпорындардың жеткізушілері болып, өңдеу өнеркәсібінің көлемі арта түсті», – деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

 Ел ауқымында «Бастау» қатысушылары 72,8 млрд теңгеге жобаларды іске асырды. Өнімді өндіру және көрсетілген қызмет көлемі 2019 жылдың қорытындысы бойынша 103 млрд теңгені құрады.

 «Бастау» жобасының орындалуына баға бере отырып, Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бірқатар өңірде бағдарламаның орындалуына қатысты алаңдаушылығын білдірді. Мәселен, оның айтуынша, Маңғыстау облысында жеңілдікпен несие беру 42% деңгейінде, бұл көрсеткіш Шымкенттегі көрсеткішпен деңгейлес – 41%, Нұр-Сұлтан қаласындағы деңгейден сәл төмен – 49%.

 Қаржыландырудағы кедергілер «Бастау» жобасын жүзеге асырудағы 4 негізгі мәселе қатарына енген, бұл туралы Үкімет отырысында Эльдар Жұмағазиев хабарлады. «Бастау» бағдарламасы бойынша жобалардың 29%-ы, «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша жобалардың 63%-ы қызмет көрсету, өңдеу өнеркәсібі және сауда саласында іске асырылып жатқанын ескерсек, қалаларда жобаларды несиелеу мүмкін еместігі бағдарламаны іске асыруда кедергіге айналды.

 «Осыған дейін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қалаларда несие береді деп айтылған болатын ол үшін «Еңбек» бағдарламасына сәйкес өзгерістер енгізілді. Алайда қаржыландыру қатысушылар үшін әлі де қолжетімсіз. Бұл жайт қалалар және моноқалаларда өзгерістер Несиелеу қағидаларына енгізілмеуімен байланысты, демек «Ауыл шаруашлығын қаржылау қолдау қоры» АҚ қалаларда қаржыландыруға құқығы жоқ», – деп түсіндірді Эльдар Жұмағазиев.

 Спикер Үкіметтен бірқатар проблемаларға назара аударып, олар бойынша шешім шығаруды сұрады. Олардың ішінде бизнес-жобаларды қаржыландыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, «жұмыссыз» статусын алу қындығы, сонымен қатар бағдарлама қатысушыларына грант беру механизмінде ашықтықтың болмуы мәселелері бар.

 «Былтырғы жылмен салыстырғанда грант сомасы 10 есе өсті. Атап өткеніміздей, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар, бизнес-тренерлеріміз осы мәселені көтеруде. Электронды кезекті енгізбей, бұл мәселе шешімін таппайды», – деді Эльдар Жұмағазиев.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер