astana-view

«ALTYN OIMAQ» байқауының қатысушысы экологиялық таза материалдардан киім өндірісін қолға алмақ

2019 жылғы 05 Қараша
- Павлодар облысы
4879 просмотров

Айдан Кәрім модельер жұмысын, жарнама саласындағы бизнесті, көркем өнерді тамаша үйлестіріп, сондай-ақ экологиялық салада белсенді жұмыс атқарады. Талантты ару экологияны жақсарту жөнінде жобаны әзірледі және осы идеяны жүзеге асыру үшін инвесторларды іздейді

 «Мен 24 жастамын. 16 жасымнан модельер болып жұмыс істеймін. Сол кезде қайырымдылық қызметті бастадым. «ALTYN OIMAQ» байқауы менің қатысып жатқан үшінші байқауым. Байқауға «Спорт киімі» және «Іскерлік костюм» аталымдарында киім үлгілерін ұсындым. Дизайнерлер байқауы көңілімнен шықты. Жеке басыма екі жылдық үзілістен кейін киім тігуге оралуға мотивация берді. Соңғы жылдары көркем өнерге ден қойып ем»,  – дейді Айдан Кәрім.

«ALTYN OIMAQ» байқауы алғаш рет «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкрелер палатасы және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің  бірлесуімен Азия даму банкінің қолдауы шеңберінде өтті. Жоба жеңіл өнеркәсібінің барлық қатысушылары үшін өзара тиімді ынтымақтастықты құрудың сәтті алаңына айналды. Бұл жерде кәсіпте енді тәжірибе жинақтап жатқан  жас дизайнерлерге өзі туралы, қолөнері туралы фэшн-индустрияның хас шеберлерімен бір деңгейде айтуға, көрсетуге мүмкіндік жасалды.

«Мен әлемге пайда әкелгім келеді, экологиялық таза материалдардан киім құруды жоспарлап отырмын, мұндай өндірістен жерімізге зиян аз жасалады. Атап айтқанда, зығыр, кендірден материалдар, эко тері. Қазір Қазақстанда жеткізушілерді іздеудемін. Алдымда көптеген жоспарлар тұр. ӨКП Іскер әйелдер кеңесіне мүше болып, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға көмектескім келеді», – дейді Айдан Кәрім. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер