astana-view

Таразда екі тігін фабрикасы «Аға сеньорларды» шақырды

2019 жылғы 12 Қараша
- Жамбыл облысы
5623 просмотров

Текстиль менеджментінің қыр-сырымен түрік маман Мухаррэм Йуджэл бөлісті

Мухаррэм Йуджэл Түркияда 20 жыл бойы текстиль саласында жұмыс істейді. Бірнеше күн бойы маман Тараздағы «Асыл-Ай» тігін компаниясының өндірісін бақылады, артықшылықтар мен кемшіліктерді атап, кеңесін беруде.

Бір ай бұрын Мухаррэм Йуджэл «Дана Дель» тігін фабрикасына миссиямен келді, онда сарапшы компанияның ары қарайғы даму стратегиясын әзірледі. Кәсіпкер Бақыт Тоқтыбаева жеке кәсіпорны сағат сияқты жұмыс істегенін қалайды. Бұл межеге жетуде кәсіпкерге «Аға сеньорлар» курсы көмектесті, аталған құрауыш арқылы кәсіпорынға Түркиядан маман келді.

 Жамбылдық кәсіпорындарда маман 10 күн болды. Осы уақыт аралығында ол «Дана Дель» және «Асыл-Ай» тігін компанияларының қызметін саралады, бизнес-процестерді жақсарту бойынша ұсынымдар берді, сонымен қатар сарапшы инновациялар мен технологияларды енгізуге көмектесіп, өндірісті басқарудағы тәжірибесімен бөлісті.

 «Аға сеньорлар» жобасы бизнесмендерге шетелден білікті маманды шақыруға көмектеседі. Шығындардың бір бөлігін Кәсіпкерлер палатасы көтереді, атап айтқанда қонақтың ұшып келу-кетуі, оның қызметі мен сақтандыру, ал сарапшының орналасуын кәсіпкер өзі қамтамасыз етеді. «Аға сеньорлар» жобасы мамандардың өндіріске келіп, процесстерді жолға қоюы, жұмысты жақсартуы, жаңа өнім түрлерін енгізуімен ыңғайлы», – деді Жамбыл облысы ӨКП Қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысы Ғалымжан Өмірәлиев.

«Дана Дель» жеке кәсіпкерлігінде 17 қызметкер жұмыс істейді. Бизнес ханым Бақыт Тоқтыбаева тігін шеберханасы қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастырады, сонымен қатар жаңа клиенттерді тарту мақсатында акциялардың өткізілуін бақылайды. Компания заманауи жабдықты енгізу әрі қызметкерлерге оқу іс-шараларын өткізу арқылы қызмет көрсетудің кәсіби деңгейін тұрақты түрде арттырып отырады.

 «Шығарылатын өнім табиғи шикізаттан өндіріледі, жергілікті қамтудың үлесі 80%. Өнім заманауи еуропалық жабдықта жасалады. Компания шығарылатын өнім модельді тізбегін үнемі арттыруда. Бұдан бөлек біз клиент тапсырысымн де тігеміз, осылайша сұраныс артып, өнім көлемі өсуде. Мен Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасына ризамын, олар науқанның басында кәсіпорынға білікті маманды шақыруға көмектесті. «Аға сеньорлар» бағдарламасы кәсіпкерлерге өте тиімді жоба», – деді Бақыт Тоқтыбаева.

2005 жылы негізі қаланған «Асыл-Ай» Алима Садықованың жетекшілігіен облыстағы 30-ға жуық мектепті мектеп формасымен қамтамасыз етіп отыр. Бүгінде компания мектеп формасын, арнайы киім үлгілерін тігеді.

 Заманауи стандарттарды қолдана отырып, бизнес ханым «Жамбылда жасалған» брендімен ерлер мен әйелдерге арналған күнделікті киім үлгілерін тігуді жоспарлап отыр.

 «Біз «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын қолданып, «Аға сеньорлар» жобасымен өндіріске сарапшыны шақыруды жөн көрдік. Сарапшыны жұмысымыздың дұрыс бағытын білу, тәжірибе жиынақтау үшін әріптесімнің ұсынысымен шақырдық», – деді Әлима Садықова.

Жыл басынан Жамбыл облысына «Аға сеньорлар» бағдарламасы бойынша Түркия мен АҚШ-тан 4 маман келді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер