astana-view

Бизнеске сауда орындары тегін ұсынылды

2019 жылғы 15 Қараша
- Шымкент қаласы
11553 просмотров

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы ерекше қадамға барды: бизнеске арнап тегін сауда орындарын ұсынды

Қала ішінде орналасқан үшқабатты ғимарат ішіндегі сауда орындарын Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы қаладағы кәсіпті енді қолға алған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге  жалға тегін алуды ұсынуда. Тегін жалға алудың бір ғана шарты бар – жұмыс орындарын құру арқылы бизнесті дамыту.

 «Бизнес мәселелерін зерттей келе біз кәсіпкерлер кәсіп ашуда тап болатын бірінші мәселе өндірісті қайда орналастыру қажеттігі екенін байқадық. Қалада коммерциялық жылжымайтын мүлік көп, бірақ ондағы бағалар стартап-бизнесті айтпағанда, шағын және орта кәспкерлік үшін тым жоғары. Біз бос тұрған ғимаратын беруге дайын бизнесменді таптық. Онда кәсіпті енді бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер өздерінің бинес жобаларын аяққа нық тұрғанға дейін тегін іске асыра алады», – деді Шымкент қаласы Кәсіпкерелер палатасының директоры Нұрлан Қабіштаев.

 Ғимараттың жалпы ауданы – 3000 ш.м. Онда барлығы әрқайсысы 15-тен 150 шаршы метрге дейін 50 орынжай бар.

 Өңірлік кәсіпкерлер палатасы бизнес-инкубаторда орналасқан кәсіпорынға заңгерлік және бухгалтерлік қызмет, қаржыландыруға инвестор  тарту және бизнес-мектепте оқуға тегін негізде көмек беруге дайын. Қазіргі таңда инкубаторда оннан астам кәсіпорын қызметке кірісті, олар – «Жас кәсіпкер» және «Бастау Бизнес» жобаларының түлектері. Толық ақпарат алу үшін мына телефонға хабраласуды сұраймыз: 87027734333 (Әлишер).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер