astana-view

Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы өңірдегі жетекші оқу орнымен келісім жасады

2019 жылғы 15 Қараша
- Ақмола облысы
27717 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті тиісті меморандумға қол қойып, ынтымақтастықтың бағдарларын белгіледі. Келісім жастар кәсіпкерлігін дамыту, кадрларды дайындау және оларды ары қарай жұмыспен қамтуға бағытталған.

 Қазіргі уақытта жастарға болашақ мамандықты таңдауда қиындық бары жасырын емес. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетімен ынтымқатастығы келешекте студент жастарға көп мүмкіндіктер ашады – олардың арасында әлеуетті кәсіпкерлерді анықтау, кәсіп ашуға көмектесу, ары қарай жұмыспен қамту қарастырылған.

 «Бүгінде көптеген салалар түрленуде, цифрландыру дәуірі басталды, көптеген мамандықтар өзектілігін жоғалтты. Осындай жағдайда өз күшіне сену, кәсіпкерлікке бейімділік, біліктілік бағаланады. Жастар қашанда белсенді, жастардың бойында үлкен әлеует бар. Меморандум шеңберінде Палата студенттерге арнап оқу семинарларын және тренингтерді жүргізеді, жеке кәсіп ашу бойынша тегін кеңес беріп, бизнес-жоспар құру, стартап-жобаны ұйымдастыруға көмектеседі. Университетте оқып жүріп студенттер, біздің сарапшыларымыз – аяққа тұрған кәсіпкерлердің жетекшілігімен жеке жобаларына инвестициялар жасай алады», – деді ӨКП директоры Тимур Нақыпбеков.

 ЖОО ректоры, Өңірлік кеңестің мүшесі Мәди Елубаевтың айтуынша, өз кезегінде, университет ӨКП ұйымдастыратын іс-шараларға қажетті жағдайларды қамтасыз етпек. Тараптар сондай-ақ студенттердің аймақ кәсіпорындары мен ұйымдарының базаларында өндірістік тәжірибеден өтуі және одан әрі жұмысқа орналасуы үшін бірлескен күш-жігерді бағыттайды.

 Осыған дейін жастар аудиториясын кәсіпкерлікке жаппай тарту мақсатында Ақмола облысының мектептерінде, колледждерінде және жоғары оқу орындарында «Кәсіпкерлік негіздері» пәні енгізілді. Жобаның бастамашылары – «Атамекен» ҚР ҰКП және Білім және ғылым министрлігі.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер