Семей қаласында «Бастау – бізбен бірге баста» көрме-форумы өтті
Семей қаласында «Бастау» және «Жас кәсіпкер» жобалары шеңберінде «Бастау – бізбен бірге баста» көрме-форумы өтті. Неке қию сарайы алаңында 200-ден астам таланатты қала тұрғыны жиналды
Іс-шара Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Семей қаласы бойынша филиалының бизнес-тренерлеріне өз тыңңдаушыларын басқа қырынан – креатив, дарындылық, кәсіпкерлік әлеует жағынан тануға мүмкіндік берді.
«Тыңдаушылар, сіздерге көп рахмет! Кез келген биіктікке жетуді, бизнестерңізге табыс пен гүлденуді, дәл осылай бірлігі жарасқан әріптестер болуды тілейміз!» – деп жазады ӨКП өкілдері бизнес-қауымдастықтың Instagram парақшасында.
«Осы форум ұйымдастырушыларына алғыс білдіреміз. Біз жас кәсіпті енді қолға алған кәсіпкерлер – пайдалы ақпарат алдық, жаңа адамдармен таныстық, шеберлк сабақтарына қатыстық, талантты жастардың қолөнерін тамашаладық, сонымен қатар арманды орындау – өз қолымызда екенін түсіндік», – деді форум қатысушылары.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: