astana-view

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Өңірлік кәсіпкерлер палатасына келді

2019 жылғы 19 Желтоқсан
2113 просмотров

Бүгін Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаевтың жұмыс сапары Ақтау қаласында жалғасты

Оның барысында Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасына келіп, «Кәсіпкерлерге арналған Үкімет» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бердібек Мәшбекұлына кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты бойынша қажетті барлық қызмет түрлерін көрсететін орталық туралы толыққанды мәлімет берілді. Іскер әртүрлі мемлекеттік органға сабылмай, мәселен, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, туризм және инвестицияны дамыту мен азаматтарға арналған Үкіметтен тез әрі сапалы түрде мемлекеттік қызмет түрлерін алу мүмкіндігін атап өтті.

Ақтаулық кәсіпкер Махамбет Қажығалиев Өңірлік кәсіпкерлер палатасынан үнемі қолдау көріп келеді. Жеке кәсібін ашуға мұрындық болған кәсіпкерлер палатасына бұл жолы сатып алулар мен заңгерлер қызметіне жүгінуге келген.

«Автобөлектер саудасымен айналысамын. «бір терезе» арқылы қажетті қызметімді алып отырмын. Болашақта жаңа жобамды іске асырғым келеді. 15 млн тг тұратын бизнес жобам сәтті жүзеге асады деп ойлаймын», – деп мәлімдеді кәсіпкер.

Сондай-ақ, «Кәсіпкерлерге арналған Үкімет» жобасы аясында жұмыс істеп тұрған: қаржыландыру; өткізу; цифрлы қызмет көрсету; құқықтық сүйемелдеу және оқыту деп аталатын 5 аймақ туралы Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев нақты ақпарат берді.

«Бұл орталықтан биыл 5641 адам қажетті қызмет алды. Кәсіпкерлер тиісті ақпараттармен толық қамтамасыз етіліп отыр. Маңғыстауда кәсіпті микронесиелендіруге 1,2 млрд тг ауылшаруашылығы саласына берілді.Соның 300 млн тг «Атамекен» микроқаржы ұйымы арқылы 27 жоба жүзеге асты»,–дейді Нұрбек Қарасайұлы.

Сонан соң Үкімет басшысының орынбасары «Бастау» жобасы бойынша дәріс оқып жатқан тыңдаушылармен кездесті. Бұл жоба бойынша өткен жылы 1056 адам оқып, жеке кәсіптерін ашса, биыл 2650 адам кәсіпкерлікке үйренді. «Бастау» түлектері 3,4 млрд теңгені құрайтын бизнес жобаларды жүзеге асырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп екенін көрсетеді.

Премьер-Министрінің орынбасары Б. Сапарбаев «Бастау» шәкірттерімен тілдесіп, сәттілік тіледі. Сонан соң «Жас тұлпар-2019» облыстық жастар жүлдесінің марапаттау шарасына қатыспақ. Одан әрі ұстаздар қауымы және дәрігерлермен кездеседі деп жоспарланған.


Ұқсас жаңалықтар:

8 Тамыз
2024
Қостанай облысы

8 Тамыз
2024
Қостанай облысы

8 Тамыз
2024
Қостанай облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер