astana-view

Қарағанды ІТ-технологиялары жөніндегі комитет өз жұмысын бастады

2019 жылғы 20 Желтоқсан
- Қарағанды облысы
85659 просмотров

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің жанындағы ІТ-технологиялар комитетінің алғашқы отырысы өтті

 Құрылған комитет ақпараттық-коммуналдық индустрия саласында мемлекеттік саясатқа тұжырымды қарап, кәсіпкерлердің құқығын тиісті деңгейде қорғауды жоспарлауда.

 Комитет құрамына ҚР Ақпараттық технологияларды дамыту қауымдастығы және Қарағанды облысы ІТ-компаниялардың өкілдері, ҚарМТУ, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері енді.

«ІТ-комитеті – бұл кеңес беру-ақылдасу органы. Комитет бизнес-қоғамдастық және мемлекеттік органдар арасында Қарағанды облысындағы жекелеген салаларда кәсіпкерлікті дамытуда тиімді әрекеттесуді ұйымдастыру үшін құрылған», – деді Қарағанды облысы ӨКП директоры Ернар Күлпейісов.

 Комитеттің алғашқы жиналысында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды, атап айтқанда ІТ-саласындағы мамандар тапшылығы, тәжірибесі жоқ қызметкерлерді жұмысқа алуда мемлекеттік қолдау және жұмыс берушілердің ЖОО-лармен өзара әрекеттесу көтерілді.

 Дауыс беру арқылы Wooppay төлем сервисінің негізін қалаушы Александр Дорошенко комитеттің төрағасы болып сайланды.

 Жұмысын бастаған Комитет «айти қызметкерлері» тап болатын мәселелерді шешуді көздейді. Бүгінде Өңірлік кеңестің жанынан 8 комитет жұмыс істейді – құрылыс және индустрия, жеңіл өнеркәсібі, шағын, орта және сауда, агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, туризм. Енді Кеңес құрамына ІТ-комитеті қосылды, Комитет саладағы түйткіл мәселелерді шешеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер