astana-view

Шығыстың басты бренді әлемді бағындыруда

2019 жылғы 23 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
8455 просмотров

Шығыс Қазақстан  жарты ғасырдан астам уақыт бойы ел ауқымында омарташылық өнімін өндіру бойынша көшбасшы болып келеді

Бүгінде отандық «Алтай балы» («Алтайский мед») сауда маркасы алыс және шағын шет елдер нарығын бағындыруда. «Пасека» шаруа қожалығы өндірушілерін Қытай Халық Республикасында асыға күтеді, онда қожалыққа өндірістік, сауда және тұрғын орынжайлары тегін берілмек.

 Республикалық ара шаруашылығы палатасының өкілі Валерий Қасымбаев 40 жыл бойы ара өсіру және бал өнімін шығарумен айналысады. 2003 жылы ол «Пасека» жеке шаруа қожалығын тіркеді, омарталар Шығыс Қазақстанның түрлі табиғи-климаттық аймақтарында орналасқан. Атап айтқанда Ұлан, Глубокский және Шемонайха аудандарындағы жазықтықтар, Алтай, Қатон-Қарағай аудандары және Риддер қаласының таулы-орман аймақтары. Бүгінде шаруа қожалығында 43 штаттық жұмыскер жұмыс істейді, соның ішінде  11-і ара шаруашылығы саласында РФ Рязань қаласында арнайы оқудан өткен дипломы бар маман.

 «Алтай тауының ерекшелігі мұнда омарташылыққа өте қолайлы жер. Жабайы көпжылдық өсімдіктер Қазақстан аумағына тән ерекшелікті беріп отыр, біз осы ерекшелікті тиімді пайдаланып жатырмыз. Шығыс Қазақстан обылсында ҚР-дағы аралардың 70%-ы мекендейді. Республикалық ара шаруашылығының деректері бойынша 2019 жылы бізде 53 асыл тұқымды омарта шаруашылығы немесе 17 155 бал ара ұясы тіркелген. Бұл шекті мән емес», – деді Валерий Қасымбаев.

 «Алтай балы» брендінің өнімін шаруа қожалығы Қазақстан мен шетелге өткізеді. Бүгінде тапсырыс берушілердің қатарында Ресей, АҚШ, БАӘ, Моңғолия, Қытай және басқа да елдер бар. 2019 жылдың жазында органикалық табиғи балдың алғашқы партиясы АҚШ-қа жеткізілді. Нью-Йорк штатының Бруклин тұрғындарына қазақстандық бал қатты ұнап, олар 125 тонна көлеміндегі жеткізілімге келісімшартқа отырды.

 Кәсіпорын ҚХР-ға балды өндіру бойынша талаптарға сәйкес келу экосертификаты бар. ШҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасыны АӨК бөлімі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің тікелей атсалысуымен шаруа қожалығы ҚХР-дан келген арнайы карантин инспекциясы мамандарының тексеруінен өтті. Бұл мемлекеттің талаптары өте жоғары екені мәлім.

«Олар барлығын тексерді – кәсіпорынды, омарталарымызбен қатар өңдеу цехтары, қаптама тізбектерін, дайын өнім қоймаларын, демек бүкіл өндіріс тізбегін тексерді. Кәсіпорын қызметін өте жақсы бағалады. Біз экспорттаушы лицензиясы мен Қытайға бал ара өнімін экспортатуға сертификатты алдық, яғни балдан бөлек, прополис, аналық ара сүті және басқа да өнімдер. Осылайша біз ҚХР-ға бал өнімін экспорттаушылар тізіліміне еніп, жұмысты бастап кеттік», – деді Валерий Мұхтарұлы.

  

 «Алтай балы» – Шығыс Қазақстан өңірінің бренді, Қытай тарапы дәл осы балдың олардың нарығында болуын қалайды. Өндірістің жоғары мәдениетін және таза өнімді көрген қытайлықтар осы бағыт олардың территориясында дамуы үшін барлық күш-жігерді салады. Олар өндіріске, жұмыскерлерге пәтер, сауда алаңдарын тегін беруге дайын», – деді ШҚО ӨКП Агроөнеркәсіп кешені бөлімінің бастығы Асқар Жақыпбаев.  

Зауытқа арналған жабдық сатып алынды, келісімшарттар жасалды, қазіргі таңда кәсіпорынды тіркеу жүріп жатыр, сондай-ақ ұйымдастыру-дайындау кезеңі аяқталуға жақын. Өндіріс келесі жылы іске қосылмақ.

 Айта кетелік ШҚО-да бүгінде 3 мыңға жуық омарташы жұмыс істейді, олар жылына 5 мың тонна тауар балын өндіреді. Қазақстанның бал өндіру бойынша экспорттық әлеуеті осы өңірге тиесілі. Еліміздің бал астанасы осы жерде орналасқан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер