astana-view

Қарағанды тұрғыны небәрі 999 теңгеге автомобиль ұтып алды

2019 жылғы 25 Желтоқсан
6195 просмотров

Қарағандылық Татьяна Пономарёва   ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Чек талап ет – сыйлық ұтып ал» бірлескен акциясының жеңімпазы атанды

Келіншек 999 теңгеге сауда жасап, чекті фотоға түсіріп, «АЗИЯ АВТО» АҚ отандық өндірушіден автомобиль ұтып алды. Акция ойнатылымы ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Өмірзақ Бейіспеков, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Евгений Больгерт және «ЧЕК ТАЛАП ЕТ – СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ» акциясы мобильді қосымшасының әзірлеушісі Мирғалы Арманның қатысуымен тікелей эфирде өтті.

 «Жылдан жылға қатысушылар саны артып келетіні қуантады. Адамдар чектерін жіберіп, бағалы сыйлықтар алып, кәсіпкерлердің салық заңнамасын ұстануы бойынша қоғамдық бақылауға үлес қосып жатыр. Ал бағалы сыйлықтар – мереке қарсаңында жақсы бонус», – деді  Евгений Больгерт.

 Естеріңізге салсақ, «Чек талап ет – сыйлық ұтып ал» акциясы ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірлесуімен Wipon компаниясының мобильді қосымшасын пайдалану арқылы 2019 жылдың 21 тамыз бен 30 қараша аралығында өтті. Осы кезең аралығында қатысушылар жалпы сомасы 2,739 млрд теңгеге 500 мыңға жуық чек жіберді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер