astana-view

Мемлекет жекеменшік мектептердегі оқу құнының бір бөлігін өтейді

2020 жылғы 08 Қаңтар
7430 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында жекеменшік мектептерде мемлекеттік білім беру тапсырысты орналастыру алгоритмін түсіндіру бойынша жиналыс өтті

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап  білім беру саласында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі өкілетті орган болып «Қаржы орталығы» АҚ белгіленді.

Осыған байланысты білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді:

  • Оператор мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін өтінімдерді қабылдау туралы өзінің интернет-ресурсына жариялайды;
  • Жекеменшік мектеп өтінім және құжаттар пакетін (білім беру қызметіне берілетін лицензия, мемлекеттік тіркеу туралы анықтама/заңды тұлғаны қайта тіркеу, ҚР екінші деңгейлі банкте шоттың барын растайтын анықтама) береді;
  •  Оператор келіп түскен өтінімдерді қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін жекеменшік мектептердің тізбесін қалыптастырады;
  • Жекемншік мектеп Оператормен келісімшарт жасап, білім беру процесін жүзеге асырады;
  • Оператор атқарылған жұмыс актілеріне сәйкес ай сайын төлемдерді жүзеге асырады.

Орта білім берудің жекеменшік ұйымында оқытуға ата-ананың төлем жасауының шекті мөлшерінің нормалары бекітілді. Бұдан бөлек, Жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесіне келесі өзгерістер енгізілді:

  • Реконструкцияға амортизациялық шығындардың нормалары анықталды – бір оқушылық орынға жылына 47 АЕК;
  • 2019 жылдың 1 қаңтарынан және 1 маусымынан еңбек төлемін жоғарылату есебінен нормативті жоғарылату;
  • Құрылыс/реконструкцияға амортизациялық құрауыш нормаларын анықтауда АЕК-тің жыл сайынғы индексациясы.

Көрсетілген өзгерістер бойныша таныстырылым  қоса берілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер