astana-view

Шымкентте жекеменшік балабақшаларды қаржыландыру мәселесі шешілді

2020 жылғы 15 Қаңтар
- Шымкент қаласы
12005 просмотров

Палата мектепке дейінгі білім беру саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тиісті 294 млн теңгенің бөлінуіне қол жеткізді

Тура осы сома көлемінде жеке балабақшалар екі жыл бойы жан басына қаржыландыруды ала алмай келген.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың жан басына нормативті қаржыландыру әдістемесі Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы қарашадағы бұйрығымен бекітілген. Оған сәйкес балабақшаларда жан басына қаржыландыру нормативі 2018 жылдың ақпан айынан бастап 27 900,85 теңгені құрап, жыл сайын индекстелуі керек. Бірақ осы жылдар ішінде Шымкентте аталған бұйрық орындалмаған және 1 балаға бекітілген норма да іске асқан жоқ, мұндағы норма 20 988 теңгені құрады.

Қазақстан мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығы проблеманы шешуде түрлі шараларады қолданып көрді. Мәселе ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ білім беруді қаржыландыру мемлекеттік жүйені дамыту департаменті, білім беру басқармасы өкілдерімен өткен жиындарда талқыланды. Қауымдастық орын алған мәселелерді жазып хатты түрлі инстанцияларға жіберді. Шымкент қаласы Білім беру басқармасы: республикалық бюджет шеңберінде бұған қаражат қарастырылмаған, оны жергілікті бюджеттен сұрау керек деп жауап берді. Шымкент қаласының Экономика және қаржы бөлімі қосымша қаржыландыру Мәслихаттың келесі сессиясы кезінде ұсынылатын болады деп хабарлады. Жергілікті атқарушы органдарға, Мәслихат және «Нұр Отан» партиясына жасалған өтінімдер де нәтиже бермеді.

 Қауымдастықтың Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасына өтінім жасауынан кейін проблема мемлекеттік органдар өкілдерімен өткен дөңгелек үстел талқылауына шығарылды. Алайда Шымкент қаласының әкімдігі, Білім беру басқармасы, «Нұр Отан» партиясы жиынға келмеді. Қауымастық Шымкент қаласы Мәслихаты хатшысы Г.А. Ташқараева және Шымкент қаласы мәслихат депутаты Е.А.Дәрменова атына хат жіберді. Алайда бұл әрекеттер де ситуацияға әсер етпеді. Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесіне де лауазымды тұлғалар келмеді.

 Қаланың жаңа әкімімен кәсіпкерлердің өткен кездесуде мәселені көтеру ғана нәтиже берді. Мектепке дейінгі білім беру саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер әкімге жан басына қаржыландыру нормасының жоғарылауы балалар мекемелері шығыстарының бір бөлігін өтеуге көмектеседі және оларды балабақшалардың материалдық-техникалық базасын және тұтастай алғанда балаларға арналған жағдайларды дамытуға және жақсартуға ынталандырады деп айтты.

 Қала әкімі жан басына қаржыландыру нормасын жаңа әдістеме талаптарына сәйкес қайта қарауға қатысты мәселені шешуге сөз берді. Бұл сөз беру орындалды. Шымкент қаласы Мәслихатының шешімімен 2020 жылдың қаңтарынан бастап норма сомасы 28 350 теңге мөлшерінде бекітілді.

 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау аясында Шымкет Кәсіпкерлер палатасы жан басына қаржыландыру нормаларын жақсарту бойынша көптеген жұмыстар жүргізді. Жалпы білім беру саласындағы кәсіпкерлердің келешектегі қорғалған мүліктік құқықтарының сомасы 294 млн теңгені құрады», – деді Шымкент қаласы ӨКП атына жазылған алғыс хатында Қазақстан мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қауымдастығы филиалының директоры Диана Қараманова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер