«Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы
2020 жылдың 16 қаңтарында ҚР Парламенті Мәжілісінен «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы келіп түсті
Заң жобасы тарату орталықтары түсінігін анықтайды, атап айтқанда:
«14-1) тарату орталығы – қойма нысандары, сауда павильондары және сатып алу, дайындау, тарату және басқа да операцияларды орындауға арналған арнайы жабдығы бар басқа да орынжайлардан тұратын, азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлармен фулфилмент-орталықтары қызметін қамтитын, осы тауарларды ішкі және сыртқы нарықтарда көтерме және бөлшек саудасына арналған көпфункциялы инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен»;
«4-3) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өкілетті органның мақұлдауымен тарату орталықтарға талаптарды әзірлейді және бекітеді;».
Заң жобасының толық мәтінімен қосымшадан таныса аласыздар. Егер жоба бойынша ұсыныстарыңыз болса, бізге хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7172) 919 352, ye.sharafiyev@atameken.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: