astana-view

Ірі қара малды экспорттауға тыйым салынбақ

2020 жылғы 21 Қаңтар
8802 просмотров

2019 жыл ішінде тірі малды экспорттау көрсеткіші 2018 жылмен салыстырғанда 3 есеге артып, 156 мың бас ірі қараға жетті, және ұсақ малды экспорттау 7 есеге өсіп, 263 мың басты құраған. Осы ретте отандық ет комбинаттары 45-50%-ға ғана жүктелген, ал етті мал шаруашылығының өніміне бағалар өсуде. Осы ситуацияда ҚР Ауыл шаруашылығы министрілігі тірі малды эксплрттауға тыйым салмақ

 «Атамекен» ҰКП тірі мал экспортына алты айға тыйым салуды құптайды, сонымен бірге өңдеушілерге арналған ынталандыру шараларды енгізу арқылы фермерлерге ішкі нарықта бәсекелік бағаларды сақтау бойынша механизмді әзірлеуді қажет деп санайды.

Өзбекстан – жаңа ет хабы ма?

 Субсидиялар асыл тұқымды ірі қараны сатып алғанда қарастырылған, 150 мың теңге – жергілікті асыл тұқымды ірі қараға және 225 мың теңге – шетелдік асыл тұқымды ірі қараны сатып алуға қарастырылған.

 Егер біз асыл тұқымды ірі қараны экспорттасақ, онда біз Өзбекстанға бір мал басына 150 мың теңгеден 225 мың теңгеге дейін субсидия береміз.

 Егер тауарлы малды өзбектерге бір алаң сатса, Өзбекстанның субсидия мөлшері мал басына 20,0-30,0 мың теңгені құрайды, бұл есептеу салмақ өсімінің 1 келісіне 200 теңгеден шығарылды.

 Белгілі болғандай, Өзбекстан Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) және Халықаралық даму қауымдастығының (ХДҚ) қатысуымен «Өзбекстан Республикасында мал шаруашылығы секторын дамыту» жобасын жүзеге асыру бағдарламасын бекітті.  

 Аталған бағдарлама шеңберінде Өзбекстан ХҚДБ және ХДҚ-дан 2024 жылға дейін 5 жылдық жеңілдік кезеңмен ұзақ мерзімді қаржыландыру алды және қосымша өз қаражатын салады. Бағдарламаның жалпы құны 227,8 млн АҚШ долларын құрайды.  

 «Екі жыл ішінде өзбектер Қазақстаннан 105 млн АҚШ долларына тірі мал сатып алған. Олар тағы қанша сатып алатынына болжам жасауға болады, қаржы қалдығына сәйкес бұл шамамен 120,0 млн АҚШ доллары. Негізінде Өзбекстан тағы осындай көлемде тірі малды сатып ала алады! Бұл дегеніміз – жергілікті малды соймай, басын көбейту, – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.  

 Шекарадағы бақылауды күшейту

Өйткені төлдейтін мал басы сыртқа шығырылып жатыр, ал бұл дегеніміз көрші елдің саясатын ескере отырып, Қазақстан үшін стратегиялық тұрғыда тиімді емес. Төлдейтін мал басын өсіруге арналған көпмиллиардты мемлекеттік қолдау құрдымға кетуде.

 Бұдан бөлек, төлдейтін мал басын шығаруға тиісті бақылау жүргізуді жолға қою, жалпы малдың жүріп-тұруын қадағалау қажет!

 Мәселені шешудің бір жолы ветсертификаттарды беруде Ақпараттық-талдамалық жүйені, малды жыныс белгісі бойынша салыстыруда Мал шаурашылығының ақпараттық жүйесін, кедендік процедуралар мен операцияларда АСТАНА-1 жүйесін біріктіруге болады, бұл шара сонымен бірге тәуекелдерді басқару жүйесін енгізуге мүмкіндік береді.

 Әлімдік тәжірибе

Мысалы, Австралия ірі қара малды экспорттау бойынша көшбасшы ел болып отыр. Орташа есеппен Австралия жыл сайын 6,4 млрд АҚШ доллары көлемінде сиыр етін экспорттайды, ал тірі ірі қараны – 10 млрд АҚШ доллары көлемінеде экспорттайды, онда асыл тұқымды ірі қара малы жоғары құнды немесе жалпы көлемнен 13,5%.

 Бразилия сиыр етін 5,4 млрд АҚШ доллары көлемінде, тірі ірі қараны – 0,5 млрд АҚШ доллары көлемінде сыртқа тасымалдайды. Қатынас 1-ден 10-ға.

 Ал Қазақстандағы ситуация мүлде керісінше! 2019 жылы 74 млн АҚШ долларына ТІРІ МАЛ экспортталған, ал ет түрінде небәрі 16,6 млн АҚШ долларына сатылды.

 Енді субсидиялар туралы

Бізде субсидия түрі мен мөлшерін анықаудың нақты әдістемесі жоқ. Кімге қанша бөлу керек?

Осының салдарынан АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасының соңғы үлгісі тұжырымды 3 рет өзгерді, ал субсидиялаудың қолданыстағы қағидалары соңғы бес жыл ішінде 47 рет өзгерген!!!

 Мысалға, ғылыми негізделген есептерге сәйкес өсіруден бастап бордақылауға дейін тірі ірі қараның бір келісі шамамен 560 теңгені құрайды. Етті ірі қараны мемлекеттік қолдаудың белгіленген ең төменгі нормативтерін есепке ала отырып, субсидияның үлесі малдың шығу түбіне байланысты (жергілікті немесе импортталған) 1 келіге 200-ден 300 теңгеге дейін құрайды.

 «Субсидиялар есебінен малды күту және байлауға кететін шығандардың 30-дан 55%-на дейін өтеледі. Бұл  елдегі ауыл шаруашылығының ең дотацияланатын бағыты. Салыстыру үшін дәнді, бұршақ және майлы дақылдар бойынша базалық субсидия үлесі өзіндік құннан 17-20%-дан аспайды!», – деді Эльдар Жұмағазиев.

 Ситуацияны өзгерту мақсатында дамыған елдердің тәжірибесі негізінде АӨК саласында субсидияларды беру жөніндегі әдіснаманы заңнамалық деңгейде әзірлеп бекіту қажет.

Мәселен, Дамыған елдердегі мемлекеттік қолдау шараларының негізгі мақсаты өндірілген өнімнің нарықтық құнын ескере отырып, фермерлерге қажетті кіріс деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Мысалға АҚШ-та «Фермерлердің кірісін тұрақтандыру» бағдарламасы жұмыс істейді.

 Онда «кепілдендірілген баға» түсінігі бар, бұл бағалар ауыл шаруашылығының маңызды өнімдеріне белгіленеді. Өнімді  «кепілдендірілген бағадан» төмен бағада өткізу кезінде фермер жыл соңында мемлекеттен субсидия түрінде қаржылық айырмашылықты алады.

 Бұдан бөлек, «кепілзаттық (бекітілген) баға» бар, ол бойынша фермер егер нарықтық бағалар кепілзаттық бағадан төмен болған жағдайда өнімді Тауар-несие корпорациясына өткізеді. Осылайша, кепілдендірілген өткізу және фермерлер кірісінің кепілдендірілген деңгейі қамтамасыз етіледі.

 «Сыртқа шығаруға тыйымды мақұлдау кезінде «Атамекен» егер шетелдердегі нарықтарда етке немесе тірі ірі қара малға бағаның жоғары болуы кезінде фермерлерге баға айырмашылығын субсидия түрінде төлеуге назар аударды. Біріншіден, бұл ішкі нарықты тұрақтандырып, малдың сыртқа ағылуы мәселесін шешіп, фермерлердің табыстылығын қамтамасыз етеді», – деді Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары.

 Фермерлер кірістілігінің қамтамасыз етуге арналған қосымша шара ретінде тірі малды экспорттау мүмкіндігі болуы керек.

 Ет өңдеу пунктерінің толық жүктелуі және мал басының артылуы кезінде ғана сиыр етін экспорттаудың бүкіл көлемінен тірі малды экспорттауға квота белгіленуі керек.

НӘТИЖЕ

Тыйым белгіленген кезең ішінде келесі маңызды мәселелерді шешу қажет:

  1. Субсидия нормативтері бойынша әдістемені әзірлеу;
  2. Ветеринарлық бақылау және тірі малдың жүріп-тұруын бақылау жүйесін қайта қарау;
  3. Тірі мал экспортына тиімді мониторингті қамтамасыз ету қажет.

Тыйымның шектеулі мерзімін және оны ұзартуға құлықсыздықты  ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығымен мемлекеттік органдарына ҰКП және салалық қауымдастықтармен бірлесіп, жоғарыда аталған мәселелерді шешу жөнінде мақұлданған тәсілдерді шығару қажет.

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталған мәселені талқылауға дайын және ҰКП Төралқасы жанындағы АӨК комитетінің жақын арадағы отырысы мал шаруашылығы мәселелеріне арналады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер