astana-view

Жол салушы компаниялар нарықтан шеттетілуде

2020 жылғы 24 Қаңтар
7908 просмотров

Келісімшарттың құнын түзету мәселесіне 2013-2014 жылдары жол жөндеу туралы келісімшарттарды жасасқан құрылыс компаниялары тап болды

Түзетудің мақсаты жұмыстар орындалған кезде нақты құны бойынша төлем жүргізу болды. Есептеу негізгі материалдар – битум, қиыршық тас, цемент, болат, жабдықтар мен жалақы бағаларының айлық статистикасындағы өзгерістерге негізделген. Құнын түзету жұмыс басталған күннен 18 ай өткен соң жасала бастады.

 Алайда Ақмола облысы көлік прокуратурасының 2019 жылы тексеру нәтижесі бойынша «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ облыстық филиалында бірқатар көлік компанияларына қатысты сотқа қосымша келісімдердің заңсыз екенін тану туралы талап арыздар жіберілген.

 Өз қорытындысында аудитор ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 17 қазандағы № 725 бұйрығына сүйенген, бұйрық жұмыстың құнын түзету нормалары көзделмеген жол құрылысы жұмыстарын қаржыландырудың қарастырған. Жаңа қаулыда мемлекеттік орган бұрын жасалған мәмілемелерді ескермеген.

 Компаниялармен негізгі келісімшартты жасаған уақытта Қазақстанда №1038 қаулы қолданыста болған, аталған қаулы келесімшарттың құнына түзету енгізуді қарастырады. Осы ретте келісімшарттар бойынша жұмыстарды компаниялар тиісті мерзімге аяқтады, бюджетке төлемдер аударылып, қызметерлер мен контрагенттерге жалақы төленді.

 Құрылыс компанияларының өкілдері «Атамекен» алаңында қосымша келесімдердің заңсыз деп тану мәжбүрлі банкроттыққа әкеліп, нарықты шетелдік компаниялар басып алады. Кейбір кәсіпкерлерге қатысты сот актілері шығып қойған.

ҰКП тарапынан кәсіпкерлерге сот дауларында барлық қажетті консультациялық-құқықтық көмек көрсетіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер