astana-view

Алматы облысының Текелі қаласында Кәсіпкерлік палатасының директоры кәсіпкерлермен есептік кездесу өткізді

2020 жылғы 24 Қаңтар
- Жетісу облысы
4808 просмотров

 

Кәсіпкерлер палатасы Текелі қалалық филиалының директоры Тұрысбек Жұмаділов қалалық кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері, кәсіпкерлер және қалалық жергілікті атқару органдарының өкілдері қатысқан алқалы жиында 2019 жылы филиалдың атқарған жұмыстары бойынша есеп берді.

Алматы облысының Текелі қаласында Кәсіпкерлік палатасының директоры Тұрысбек Жұмәділов кәсіпкерлермен есептік кездесу өткізді

Тұрысбек Жұмаділов филиал арқылы кәсіптік білім беру бойынша ұйымдастырылған бизнес курстарын оқып, осы негізде бизнес жобаларын сәтті қорғап, мемлекеттік гранттарды иеленген және жеңілдетілген несиелерге қол жеткізіп, жаңадан кәсіп бастаған, кәсібін дамытуға мүмкіндік алған қала кәсіпкерлерінің қазіргі жетістіктері жайында айтты.

«2019 жылы қалалық филиал консультанттары тұрғындарға шағын және орта бизнес саласына қатысты мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша 1020 қызмет көрсеткен. Олардың ішінде бухгалтерлік және салық бойынша консультациялар берілді. Кәсіпкерлерді қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар жайында мағлұматтар берілді»,- дейді   кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалының директоры Тұрысбек Жұмәділов.

Сонымен бірге, жиында кәсіпкерлер тарапынан көтерілген өзекті мәселелер, атап айтқанда, қаладағы өндіріс орындарын кеңейтуге қажетті жердің тапшылығы мен электр энергиясы тарифінің қымбаттығы отандық өнімдердің өзіндік құнын жоғарылатып, нарықтағы бәсекелестікке кері әсер туғызатындығы талқыланды және алдағы уақытта осы түйіндердің оңтайлы шешілуі жолында жұмыла жұмыс істеу керектігіне маңыз берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер