astana-view

СҚО кәсіпкерлеріне мемлекеттік сатып алулардағы жаңашылдықтар түсіндірілді

2020 жылғы 27 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
7547 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы бастамасы бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне арналған мемлекеттік сатып алуларға қатысты семинар өтті

Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілі қатысты.

 Семинарға СҚО бойынша ішкі мемлекеттік департаменті камералық бақылау бөлімінің жетекшісі Ердос Багенов мемлекеттік сатып алулар бойынша заңнамалық актілердегі өзгерістерді атап өтті.

 «Жаңашылдықтар әлеуетті жеткізушілердің қаржылық тұрақтылығын айқындау, электрондық әмиян арқылы байқаулық өтінімді енгізу, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу тәжірибесін есептеу, әлеуетті жеткізушілердің алдын-ала біліктілігін іріктеуімен қатысуы, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері арасында мемлекеттік сатып алу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу кезінде туындайтын проблемалық мәселелерге қатысты», – деді Ердос Багенов.

Сонымен қатар кәсіпкер өздерін қызықтырған тақырыптарға қатысты сұрақтар қойды. Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары мен мемлекеттік органдардың мамандары толық жауап берді.

 Семинарға өңірдегі түрлі салаларда жұмыс істейтін  70-тен астам ұйымның өкілдері қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер