astana-view

«Атамекен» талап қою мерзіміне қатысты пікірін білдірді

2020 жылғы 31 Қаңтар
12675 просмотров

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін орын алған қарым-қатынастар бойынша талап қою мерзімі 5 жылды құрайды деп санайды

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасының пікірінше – Комитеттің позициясы заңнама нормаралына қайшы келеді.

2020 жылдың 1 қаңтарынан Салық кодексінің 48-бабы талап қою мерзімін 3 жылға белгілейді. Бұған салық мониторингіне жататын салық төлеушілер, сонымен қатар жер қойнауын пайдалану келісімшартына сәйкес қызметті іске асыратын компаниялар жатпайды, оларға талап қою мерзімі 5 жылды құрайды.

 Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 11-бабы 1 және 2-тармағына сәйкес егер нормативтiк құқықтық актiлердiң өздерiнде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде өзгеше ескертілмесе, барлық нормативтiк құқықтық актiлер тiкелей қолданылады.

 Қолданысқа енгізілген нормативтік құқықтық актілерді қолдану үшін қосымша нұсқаулар талап етілмейді.

 Салық кодексінің шағын және орта бизнеске талап қою мерзімін 5 жылға қолдану туралы  48-бабындағы нормалар Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» заңының 27-бабында белгіленген тәртіпте 2020 жылдың 1 қаңтарында күшін жойды.

 Сәйкесінше салық төлеушілер мен салық органдары салықтық заңнаманы орындай отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын ұстануға міндетті. Заңнаманың күшін жоғалтқан нормалары оларды алып тастағаннан кейін тұлғаларға қолданыла алмайды.

 Осылайша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеуші де, салық органы да ағымдағы салық кезеңінде алдыңғы салық кезеңдеріне қатысты оларда мерзімі өткен (5 жыл) талап арыз мерзімі туралы заңның нормаларын қолдануға құқығы жоқ, өйткені Салық кодексінің қолданыстағы нормасы бойынша мұндай кезең 3 жылды құрайды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жазған хатында ҚР Ұлттық экономика министрілігі талап қою мерзімінің 3 жылдық мерзімі бойынша қолданыстағы норма 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін орын алған салықтық міндеттемелер және талаптарға да қолданылатынын хабарлады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер