astana-view

Нұр-Сұлтанда «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 11,5 млрд теңгеге жобалар мақұлданған

2020 жылғы 03 Ақпан
- Астана қаласы
6718 просмотров

«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікпен несие алу бағдарламасын іске асыру мәселелері Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының бизнес өкілдерімен кезекті есептік кездесу барысында қаралды

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, «Астана Инвест» АҚ, «Даму» қоры» АҚ, екінші деңгейлі банктердің өкілдері, сондай-ақ бағдарламаның әлеуетті және қазіргі қатысушылары қатысты.

 Кездесуде бағдарламаға қатысу шарттары, басымдық берілген салалары, сонымен қатар екінші деңгейлі банктер және «Даму» АҚ қорымен даулы мәселелер, оларды шешу жолдары қаралды. Бұдан бөлек, отандық тауар өндірушілер кәсіпорындарына мемлекеттік тапсырысты бөлу мәселесі қаралды.

 Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП директорының орынбасары Бейсен Жолболдиев «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы 2019 жылдың басында іске қосылғанын хабарлады. Оның негізгі мақсаты ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру, өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабылеттілігін ынталандыру, сонымен қатар бірінші кезекте халық тұтынатын тауарлардың кең номенклатурасын шығару.

 Өңдеу секторы мен агроөнеркәсіптік кешенде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыруға 600 млрд теңге бөлінді. Бағдарламаға шағын, орта және ірі кәсіпкерлер қатыса алады. Несие қаражаты инвестцияиларға және айналым қаражатын толтыруға 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

 «Қазіргі таңда 600 млрд теңге ішінен ҚР бойынша 221 млрд теңге игерілген, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 11,5 млрд теңгеге жобалар мақұлданған. Олардың қатарында макарон өнімдері, кептірілген нан, печенье, какао, шоколад және қанттан жасалған кондитерлік өнімдер, гофр картон, қағаз және картоннан жасалған ыдыстар, азық-түлікке арналған банкалар, түтіктер, қораптар, жәшіктер, тұрмыстық химия, бетон бұйымдары, перделер мен төсек-орын, фармацевтика жатақхана өнімдері бар», – деп ақпараттандырды Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП директоры Алмат Жүнісов.

  Мақұлданған жобалар қатарында – «TAMOS Education» халықаралық мектебін салу және іске қосу. Жоспарлар бойынша мектептің бірінші кезегі 2020 жылдың 1 қыркүйегінде ашылады. Оның ауданы 12 мың шаршы метрді құрайды. Тұрақты жұмыспен 150 адам қамтылады. Мектептің екінші кезегі 2020 жылы іске қосылады, оның ауданы 8 мың шаршы метрді құрайды, жұмыстың екінші кезеңінде тағы 520 адамды жұмыспен қамту көзделген.

«Ахметова Фарангиз Хасановна»  жеке кәсіпкерлігі ұн және жарма тарту өнеркәсібі өнмідерін өндірісіне жеңілдікпен несие алды.

 «Елорда бойынша екінші деңгейлі банктердің қарауында 3,5 млрд теңгеге 7 жоба жатыр, әзірлену үстінде – 6,7 млрд теңгеге 11 жоба бар. Соның ішінде шоколад өндіру, жылыту майын өндіру, циклді және циклді көмірсутектерді әзірлеу, техникалық күмістерді өндіру, сондай-ақ тауарларды қаттау және сақтау, мектепке дейінгі білім беру жобалары бар», – деді спикер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер