astana-view

Ұлттық палата «Іскерлік байланыс» жобасының қатысушыларына кіріспе семинар өткізді

2020 жылғы 07 Ақпан
4927 просмотров

«Атамекен»  ҰКП «Іскерлік байланыс» жобасының қатысушыларына арнап кіріспе семинар өткізді

 Неміс тренерлері қатысушыларды толғандыратын сауалдарға жауап берді. Бір айдан соң Қазақстаннан бір топ кәсіпкер  басқарушылық кадрларды дайындау бағдарламасы және ҚР мен Германия арасындағы «Іскерлік байланыс» жобасы шеңберінде тағылымдама мен неміс кәсіпорындары жұмысымен танысуға  Германияға аттанады.

 Еске салсақ,  төрт апталық тағалымдама кезінде қатысушылар өз салаларына қарай неміс кәсіпорындарының өндірісімен танысады, нақты басқарушылық мәселелерді зерттейді, технологиялар трансферті, жабдық сатып алу, тауар, жұмыс және қызметтерді өзара жеткізу, франшиза алу, бірлескен кәсіпорындары құру бойынша жеке іскерлік байланыстарды орнатады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер