astana-view

Жер телімдерін пайдалануға бақылауды күшейту, жердің пайдаланылуына тексеру жүргізуде ғарыштан түсіруді қолдану, пайдаланылмаған жер телімдері бойынша салық мөлшерін арттыру

2020 жылғы 07 Ақпан
7815 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жерді пайдалану мен қорғауда мемлекеттік бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасының Тұжырымдамасы келіп түсті

Тұжырымдама шеңберінде  жерді пайдалану мен қорғауда мемлекеттік бақылауды жетілдіруді күшейту мақсатында келесі нормалар ұсынылады:  

- жергілікті атқарушы органдардан жерді қорғауға қатысты бақылау функциясын облыс, республикалық маңызы бар қалалар, елордада жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық органдарын құру арқылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетке қайтару.

 (2014 жылы мемлекеттік органдар өкілеттілігін бөлу шеңберінде жерді пайдалану және қорғауда мемлекеттік бақылау функциясы жергілікті атқарушы органдарға берілген болатын. Алайда, ҚР Бас прокуратурасының жергілікті атқарушы органдар қызметіне 2018 жылы жүргізген тексеру нәтижесі көрсеткендей, пайдаланылмай жатқан 9,6 млн гектар жер анықталған, осы ретте жергілікті атқарушы органдар бос жатқан 2,2 млн гектар туралы ғана хабарлаған болатын. Жер учаскілерін беру туралы өтінімдерді қарау және аталған өтінімдерді қарау мерзімін ұстануды бақылау функцияларын бір органға біріктіру мүдделер қақтығысын тудырады және мемлекеттік бақылаудың объективтілігі мен ашықтығына әсер етеді);

 -ауыл шаруашылығын жүрігзуге арналған жерді пайдаланбағаны үшін салықты қолданыстағы 10 еселенген мөлшерден 20 еселенген мөлшерге дейін жоғарылату;

- бақылау нысанасына бармай-ақ жерді пайдалануға профилактикалық бақылауды (космомониторинг) енгізу  және оның нәтижесін жер телімін жалға беру келісімшартын сот арқылы бұзуда негіздеме ретінде қолдану;

- жерді пайдаланбау немесе жерді заңнаманы бұзушылықпен пайдалану фактісін анықталған сәттен ауылшаруашылық алқаптарын мәжбүрлеп алып қою мерзімін қазіргі 2 жылдан 1 жылға қысқарту;

(Жерді мәжбүрлеп қайтарып алудың қолданыстағы нормасы тексеру нәтижелері бойынша бір жыл мерзімге бақылау субъектісіне ұйығарым беруді қарастырады. Бір жылдан кейін бақылау тексеру өтеді, және жер пайдаланылмаған болса тағы бір жылға ұйығарым беріледі. Соның нәтижесінде жерді қайтарып алу туралы талап арыз сотқа үшінші жылы беріледі);        

  • жерді мәжбүрлеп алып қою тәртібімен байланысты істерді соттарда қараудың (1 айға дейін) ерекше тәртібін айқындау;
  • тексеру субъектісін жоспарлы тексерулер, сондай-ақ олардың нәтижесі туралы смс-хабарлама жіберу арқылы хабарландыру.          

(Қолданыстағы тексеруге сәйкес тиісті ұйығарымды субъектіге беру үшін инспектор тексеру субъектісіне тексеру және алдын-ала бақылау актісін ұсынып, тексеру және профилактикалық бақылауға жататын талаптардың тармақтарын көрсетумен бақылау парақшасымен таныстыруы қажет. Бұл процесті мәтіндік хабарларды ұялы байланыс арналары арқылы, сондай-ақ бақылау субъектісінің хабарламасын тіркеуді қамтамасыз ететін басқа байланыс құралдарынан автоматтандыру ұсынылады);         

 - жер телімдері мәжбүрлі қайтарылып алынған жер пайдаланушыларды тізілімде болу мерзімін қазіргі 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайту.

 (Аталған Тізілім жерді мәжбүрлеп алып қою туралы сот шешімі негізінде жүргізіледі. Тізілімде тұрған заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар мемлекеттен жер учаскелеріне меншікті және (немесе) жер пайдалану құқығын ала алмайды).

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер