astana-view

Кәсіпкерлер мектеп құрылысына инвестиция салуға дайын

2020 жылғы 18 Ақпан
5190 просмотров

«Атамекен» алаңында мектеп салу бойынша алғашқы үлгілік жобалық шешімдер қаралды

Мәжіліс депутаты, МЖӘ жобаларына мониторинг жүргізу жөніндегі кеңестің төрағасы Аманжан Жамаловтың айтуынша, бизнестің қаржылық ағындарға қатысты толық ақпараты жоқ.

Айта кетелік, Алматы қаласының өзінде мектептердегі оқушылық орынға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мың орынды құрайды, бір мектепті салудың орташа ұзақтығы 2 жыл. Егер әкімдік 30 мың орынға қажеттілікпен жылына 8 мектеп салуды жоспарласа, онда бюджетке түсетін жыл сайынғы ауыртпалық 20 млрд теңгені құрайды. Ал жобаны МЖӘ шеңберінде іске асырған жағдайда бюджетке түсетін ауыртпалық жыл сайын 8 млрд теңгеге дейін төмендейді. Алайда мұндай жобалар бүгінде ақталмайды.

«Біз жобаларды жүзеге асыру мерзімін барынша қысқартып, инвесторлар жұмысын жеңілдету, құжаттамаға белгілі шаблондарды құрып, стандартты қаржы моделін құру бойынша мақсат қойдық», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік департаментінің директоры Назгүл Ұзалина.

 Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев негізі проблема ретінде инвесторлардың жобаға мүдде танытпауын атап өтті, өйткені жан басына қаржыландыру жекеменшік әріптестің шығындарын жаппайды.

 «Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде инвестор несиелеу ала алады. Егер ол мектепті мемлекет иелігіне бермесе, онда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде субсидиялау ала алады, егер инвестор мектепті жергілікті атқарушы органдардың балансына беретін болса, онда субсидиялау қарастырылмайды», – деді Назгүл Ұзалина.

 Бұдан бөлек, МЖӘ жобаларын несиелеуде банктердің төмен қызығушылығы байқалуда. Бұл тәуекелдердің жоғарылығымен байланысты. Атап айтқанда, банктер жобаларға келісімшарт жасалған соң қатысады, яғни осы жобаның талқылауына қатыспайды. Мемлекет тарапынан инвестициялық құрауыштың төленуі 8 жыл бойы жүргізіледі, бұл бөліп төлеу инвесторларға тиімсіз.

 Өз кезегінде Мұхит Әзірбаеав оқу орындарына тапшылықты қысқарту бойынша шараларды ұсынды.

 «Аудандарда әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар бар. Біз жекеменшік әріптестерге мектеп салудың мынадай схемасын ұсынудамыз, онда әкімдік 5 жыл ішінде  бөліп төлеп мектепті сатып алады. МЖӘ бойынша заңнамаға әлеуметтік жобаларға (мектеп, спорт) қатысты жекеменшік әріптестерге инвестицияларды өтеуді кепілдендіру және инвесторларға несие мөлшерлемесін арзандату бойынша  өзгерістер енгізу қажет», – деді Алматы әкімінің орынбасары.

 Ұлттық палата МЖӘ келісімшарттарын бұзу кезінде кредиторларға төлемдерді кепілдендіру механизмін жетілдіруді ұсынды. Егер мектеп әкімдіктің балансына берілсе, онда мемлекет тарапынан 10% мөлшерден төмен емес көлемде қаржыландыру және мемлекеттік бағдарламалар аясында сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау мүмкіндігін қарастырған жөн.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова ұсыныстарды қолдап, МЖӘ және жан басына қаржыландыруды бөлуге дайындықты атап өтті.

  «Бізде жақсы көрсеткіштер бар, былтыр 20 мың орынға 70 мектеп аштық. Бұл МЖӘ емес, МЖӘ және жан басына қаржыландырудың қосындысы. Бірақ біз екі механизмді бөліп қарауға дайынбыз. Пакетті шешімдер бойынша МЖӘ тиімді шешім, біз аталған механимзді міндетті түрде қарастырамыз. Осы жылдан бастап барлық жекеменшік мектептер жан басына қаржыландырудан бастап құрылысты республикалық деңгейге көтерді, қаржыландыру Қаржы орталығымен іске асырылады. Өңірлер деңгейінде ҰКП көмегі қажет болады», – деп қолдады ҰКП ұсынысын Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.

 Сондай-ақ спикер өңірлерге жер телімдерін бөлу бойынша әкімшілік сипаттағы проблеманы көтерді. Жер телімін алу кезеңінен тапсырысты алуға дейінгі аралықта 2 жыл уақыт кетеді. Осы ретте бизнес қала шетіндегі тиімсіз уаскілерді алуға құлықсыз.

 Қорытындылай келе, Аманжан Жамалов сарапшылар мен сарапшылық ұйымдардың қатысуымен үлгілік жобалық шешімдерді әзірлеу бойынша құзыретті МЖӘ ортылығы және «Атамекен» ҰКП-ға беруді ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер