astana-view

БҚО шаруалары субсидияларды қайтаруды сұрайды

2020 жылғы 25 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
8042 просмотров

БҚО шаруалары мал шаруашылығы күн өткен сайын мемлекеттік реттеуге беріліп, онда шаруалардың пікірі ескерілмей жатқанын айтып, алаңдаушылық білдіруде

 Мұндай жайт салада түйткілді мәселелерге әкеп соғуы мүмкін. Мал өсірушілердің айтуынша, субсидиялау ережесінің өзгеруі шығындарды көбейткен.

 Өз мәселелерімен шаруалар БҚО Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңеске жүгінген. Олардың айтуынша, жаңашылдықтардың басым бөлігі жетілдірілмеген. Мәселен, «QOLDAU» жүйесі күніне екі сағат қана жұмыс істейді, қызметі көбіне букмекерлік контораға ұқсайды. Шаруалар өтінім беруге үлгермей, субсидиядан қағылуда. Теріні шығаруға тыйым қойылғанын пайдаланып, қайта өңдеушілер сатып алу құнын төмендеткен. Шығындар миллионмен есептеледі, тері жинау бойынша инфрақұрылым бұзылған, өткізу нарықтары жоғалды. Шенеуніктердің бұқаларды сыртқа өткізуге тыйымға, мал шаруашылығында субсидиялауды төмендетуге қатысты айтқан дәйектері де түсініксіз.

 «Бізге тұрақтылық керек. Егер шенеуніктер субсидиялау жүйесін өзгерткісі келсе, оны түсіндірсін, не үшін өзгерткісі келеді, қандай нәтиже күтеді, айтсын. Біз бөлінген мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімді нұсқасын ұсына алатынымызға сенімдімін, өйткені біз өз мәселелерімізді жақсы білеміз. Одақтардың ойын шарттарын өздері ұсынуы әлемдік практика, ал шенеуніктер заңгерлік рәсімдеумен айналысады. АӨК-ті дамытудың 10 жылға бағдарланған өңірлік ерекшелікті ескеретін, үнемі өзгертуге ұшырамайтын нақты бағдарламасы керек. 2017 жылы бағдарламалар мен ережелерді әзірлеуге арналған жобалық алқа құрылды. Қазір оның жұмысын жандандыру керек. Біз агроөнеркәсіптік кешеннің жағдайын жақсарту және өнімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар жасай алар едік. Мемлекеттік қолдау болмаса, фермер дами алмайды», – деді БҚО «Қазақстан Фермерлер одағы» РҚБ филиалының төрағасы Серік Жарылғапов.

  Жиын қатысушыларының айтуынша, субсидиялау ережесі 2019 жылдың жазында өзгерген. Бірнеше ай өткен соң тағы да өзгеріс. Мал шаруашылығында субсидиялаудың 6 түрі де өзгеріске ұшыраған.

 «Бәрін бұрынғыша қалдыруды сұраймыз. Бүгінде жаңа қожалықтар ашылып жатыр, жұмыс істеп жатқандары төл басын екі, үш еселеуді жоспарлауда. Мұның бәрі осыған дейін болған ереженің жемісі. Демек, қазір енгізіліп жатқан жаңашылдықарды көп фермер білмейді, оларда өзгерістерді бақылауға уақыт жоқ. Жаңа ережені олар бәлкім жарты жылдан соң естиді. Ірі бизнес өкілі ретінде бордақылау алаңы өздігінен жұмыс істей алмайтыны айтамын, біз шаруа қожалықтармен тығыз жұмыс істейміз. Оларда бәрі жақсы болса, онда бордақылау алаңдары, ет комбинаттарында да  бәрі жақсы болады», – деді «Ет индустриясы» ЖШС директоры Қайыржан Наурызғалиев.

  БҚО-да 6700 шаруа тіркелген. Олардың ішінде 25%-ы  кәсіпті енді бастағандар. Мемлекеттік қолдаусыз шаруаларға қиын. Бүгінде жастар ауылға қайтып жатыр. Бұл қолдауды мемлекеттік деңгейді жасау керек, шағын отбасылық фермаларды ашу қажет, деп санайды жиын қатысушылар.

 Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің мүшелері субсидиялау ережесін қайта талқылау қажеттілігін қолдады. ӨКП өкілдері фермерлер мәселелерімен таныс екендерін айтты. Бүгінде сәйкес ұсыныстар өкілетті органға жіберілген. Сонымен қатар фермерлер позициясы «Атамекен» ҚР ҰКП-ға жеберіледі.

 БҚО шаруалары мәселе қолдау тауып, мемлекеттік деңгейде шешімін табады деп үміттенеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер