astana-view

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы және Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі департамент Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2020 жылғы 26 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
6906 просмотров

2020 жылдың 26 ақпанында ШҚО Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі департаменттің жетекшісі Кеген Тұрсынбаев және ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Тараптар тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын сақтау мен қорғаудың жүйелік шешімдерін іздеуде конструктивті ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

 Меморандумның мақсаты тараптардың тұтынушылар құқықтарын қорғау және бизнес  мүддесін қолдау бойынша өзара әрекеттесуі. Бұл ынтымақтастық  кеңес беру қызметтерін ұсыну, тиісті тәжірибе мен жинақталған біліммен алмасу, тараптар өкілдерінің проблемалық мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, бизнес-форумдар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шараларға қатысуы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының азаматтары мен кәсіпкерлерінің құқықтық сауаттылығын, құқықтық білімі мен құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер