astana-view

Алматы облыстық Кәсіпкерлер палатасында көлеңкелі экономика бойынша дөңгелек үстел өтті

2020 жылғы 26 Ақпан
- Жетісу облысы
5056 просмотров

Алматы облыстық Кәсіпкерлер палатасында облыс және мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәчеле -  көлеңкелі экономика бойынша дөңгелек үстел өтті.

Отырыстың басты тақырыбы -  көлеңкелі экономиканың облыс үшін де, Қазақстан Республикасы үшін де қаншалықты зардап әкелетіндігі туралы болды. Қазіргі уақытта көлеңкелі экономика өнідіріс саласында, сауда, инвестиция тарту процестеріне кері әсер етіп, басқа салаларға ықпал ету тұрғысынан мемлекеттің экономикасын тұралата отырып, экономикалық қауіпсіздік пен егемендіктен айырылып қалу қаупіне дейін жеткізуі мүмкін.

Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Адай Нигматуллин деректі фильм көрсете отырып, Ұйымдасқан қылмыстық топтың 1 млрд. теңгеден астам соманы қолма қол қаржыға айналдырғанын және мұндай жағдайлардың экономикаға қаншалықты зиын келтіретінін түсінліріп өтті. Оның айтуынша, облыс аумағында екінші деңгейлі банктердің 14 филиалы тіркелген.

«Біз облыс бойынша мониторинг жүргізіп, бірқатар заң бұзушылықтарды анықтадық. 2019 жылғы талдау нәтижелері бойынша қаржы қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру бойынша көшбасшы болып табылатын "батыр" банктер анықталды. Бүгінгі күні қазақстандық банктертің көпшілігі «өз клиентіңді біл» атты  Базель комитетінің және FАТF тобының ұсыныстарын ұстанбайды». Осы Ұсынымдарға сәйкес әрбір банк өз клиенттеріне қатысты тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалануы тиіс және егер олар қылмыстық немесе Заңға қайшы әрекетпен айналысса, онда олардың шоттарын блоктауы тиіс», - деп сөзін аяқтады А.Нигматуллин.

Ал облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің ЕБМ басшысы М. Әбденовтың айтуынша, ең криминогендік сала мемлекеттік сатып алуға қатысушылар болып табылады. Мемлекеттік кірістер органдары жүргізген сараптамаға қарағанда орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу кезінде олар қолма-қол қаржылай процесстерді пайдаланатыны анықталды. Камералдық бақылау бағыты бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысушыларға қатысты 2019 жылы 559 Заң бұзушылықтар анықталды, оның нәтижелері бойынша аталған субъектілерден 2 178,8 млн.теңге өндірілген.

"Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңгейіне дейін көлеңкелі экономика деңгейін 15-17 пайызға дейін төмендету мақсатында Департамент іс-шаралар жоспарын әзірледі. 2019 жылы көлеңкелі экономика қатысушыларының қызметін тоқтату мақсатында облыстың мемлекеттік кірістер органдары тіркеу мен мәмілелерді жарамсыз деп тану үшін сотқа 118 талап арыз берді", - деп атап өтті ол.

Отырыс соңында қатысушылар пікір алмаса отырып, барлық уәкілетті органдар қылмыстық жолмен табылған кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыратын және заңдастыруға талпынған жағдайлар бойынша әрқашан ақпарат алмасып, қылмыстардың алдын алуға, анықтауға және мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда бірлесе отырып шешуі керек деген қорытындыға келді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер