astana-view

Бизнес пен мәдениеттің серіктестігі: Шымкент кәсіпкерлерін ТМД мәдени астанасы жылына орай өтетін іс-шараларды қолдауға шақырды

2020 жылғы 26 Ақпан
- Шымкент қаласы
8040 просмотров

Бір айдан кейін Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесін алып, көптеген іс-шаралар, соның ішінде халықаралық деңгейдегі оқиғаларды өткізудің мекеніне айналады. Ашылу салтанаты Наурыз мерекесі күні Қажымұқан атындағы орталық стадионда өтеді. Бүкіл ТМД кеңістігінен халықаралық делегациялар, шығармашылық ұжымдар мен туристердің келуі күтілуде. Тұтастай алғанда 2020 жыл шымкенттіктер үшін мерейлі болмақ.

Алдағы іс-шаралар науқанына орай қалада арнайы штаб құрылды, белсенді дайындық жүріп жатыр, арнайы жиындар мен кездесулер өтуде. Осы жолы талқылау бизнес өкілдерімен (қонақүйлер, туристік және ивент-агенттіктер, мейрамханалар, таксопарктер және т.б.) өтті.

 Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың айтуынша, ірі жобалар және қала тұрғындары мен қонақтардың бастамалары арасында ТМД елдерінің қатысуымен «ASHIQ ASPAN»  әуеде қалықтау халықаралық фестивалі, этно-ауыл, қызғалдақтар фестивалі, бауырсақ фестивалі, амфитеатр мен ашық аспан астындағы мұражайы бар цитадель, түрлі театр қойылымдары, көрмелер, форумдар, концерттер және, әрине, жергілікті өнімдерге негізделген тағамдар және т.б.

 «Осы ретте біз үнемі ізденіс үстіндеміз, Шымкентті басқа қалалардан ерекшелейтін тын дүниелерді ұсынатын боламыз. Нағыз мәдени астана атану үшін билік пен бизнес серіктестігінің тиімді механизмі қалыптасуы керек. Осы процеске толық ашықпыз. Іс-шаралар жоғары деңгейді өтуі тиіс, біз әлемге бірегей тарихы мен мәдени мұрасы бар үшінші мегаполистің сән-салтанатын, бай қазақ дәстүрін көрсетуіміз керек», – деп атап өтті әкім орынбасары.

 Шымкент қаласының ӨКП директоры Нұрлан Қабіштаев бизнес – Шымкенттің мәдени астана ретінде мәртебесін ілгерілетудегі маңызды тарап екенін атап өтті, бұл отандық брендтерді көрсетудің, бизнеске болашаққа іргетас жасаудың жақсы мүмкіндігі.

 «Әрине, бұл бастама қала мәртебесін, оның туристік жағынан тартымдылығын арттырады. Бұл процесс кафелер, қонақүйлер, қолөнер шебрелері үшін қызықты. Қала тұрғындарының өмір сүру сапасына, шағын бизнес саласы мен мәдениет дамуына оң әсер береді. Қала орталығында 70-тем астам тұрғын үй жаңартылады, бұл бизнес өкілдеріне нысандардың сыртқы келбетін жақсартып алуға жақсы мүмкіндік. Кәсіпкерлер палатасы дайындық штабы құрамына енді, бизнестен 24 сағат бойы ұсыныстар қабылдауға дайын. Салалық қауымдастықтар, комитеттермен үнемі байланыстамыз. Кейбір бизнес өкілдері бастаманы қолдап кеткені қуантады. Туристер сапалы сервис пен дәмді тағамдар үшін келеді, ал бизнесіміз осының бәрін қамтамасыз етуге дайын деген сенімдемін. Осы бағытта күшімізді біріктіруге шақырамын», – деді Нұрлан Қабіштаев.

 Қатысушылардың айтуынша, егер қала ТМД кеңістігінде мәдени қала ретінде танылса, онда ол инвесторлар мен туристер үшін тартымды болады.

 Жергілікті билік бизнесмендерді, қонақүй, хостел, кафе және мейрамханалар  иелерін Мәдени қала жылына орай іс-шаралар науқаны кезінде тауар мен қызметке бағаларды жоғарылатпауды сұрады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер