astana-view

Солтүстік Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту көзделген

2020 жылғы 03 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
9018 просмотров

СҚО Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеровты кездесуге шақырды. Кездесуде  өңірде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жолдары талқыланды

Эмин Әскеровты Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерліктің негізін қалаушысы деп санайды. Оның жетекшілігімен бірнеше өңірде әлеуметтік кәсіпкерлік мектептері жұмыс істейді. Мұндай мектепті енді Солтүстік Қазақстанда ашу көзделген. Жобаны іске асыруға СҚО Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері атсалысуда.  Бұл туралы алғаш рет Кеңес ұйымдастырған «Өсу уақыты» өңіраралық конференция барысында айтылды. Кездесуде Эмин ел ауқымында таралаған тренд туралы айтты.

 «Өңірімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытқымыз келеді. Әлеуметтік кәсіпорындар және әлеуметтік кәсіпкерлік мектептірн құру жоспарда. Эминді ментор ретінде көргіміз келеді. Кейбір жобалар бірлесіп іске асырылуы мүмкін. Сондықтан Іскер әйелдер кеңесі Эмин Әскеровты қонаққа кездесуге шақырды», – деді СҚО Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Айтықан Қалғаева.

 Әлеуметтік кәсіпкерліктің негізгі міндеті – қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешу, атап айтқанда жұмыспен қамту, экология және білім беру. Осы бағытта Эмин Әскеров соңғы бес жыл бойы еңбектеніп келеді. Әлеуетті жобалар қатарында жас кәсіпкерлерге арналған HUB болуы мүмкін. Жоба Солтүстік Қазақстан кәсіби дайындау және сервис колледжі базасында құрылды. Колледждің өзіне тәжірибелі кәсіпкер-ментор қажет. Қазір мында шаштараз, тігінші, омарташы, етікшілерді дайындайды. Екі немесе үш жылдық оқу практикамен үздіксіз байланыста. Сондықтан дайын өнім де бар. Мысалы, студент-омарташылар жыл сайын ара ұяларын далаға қойып, бал жинайды.

«Омарташылықты шындап қолға алмақпыз. Бал шаруашылығы үшін табиғатымыз бар әрі қолайлы жағдай жасалған. Жоспарда өте тамаша жоба бар – жаз мезгілінде еңбек және демалыс лагерін ашу, онда 15 емес 50 ара ұясын қою көзделген. Содан кейін балымызды облыс және Қазақстан қалалары бойынша сату», – деді қонақтарға колледж құрылтайшысы   Николай Хованский.

 Егер болашақ омарташылар бал жинап, ара ұяларын жасақтаса, тігіншілер түрлі бұйымдар тігуде. HUB-та түрлі идеяларға ие балалар жиналуда. Оларды қолдау керек», – деді Эмин Әскеров.

 «Сіздерде өндірістік орынжай бар. Өз өнімдеріңізді тұрақты негізде өндіруді бастау керек. Ары қарай дайын өнімді сауда орындарында сату ғана қалады. Сауда орында мысалы, балды сатуға болады», – деді әлеуметтік кәсіпкер.

  Бұл мүмкіндігі шектеулі балалар үшін табыс табуда ең дұрыс жол.  Өйткені негізінен колледжде білім алуда ерекше қажеттілігі бар балалар оқиды. Эмин барлық жобалар және ұсыныстармен танысты, қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр.    


Еншілес ұйымдар

Серіктестер