astana-view

Нарықта 148,5 мың маман тапшы

2020 жылғы 04 Наурыз
6537 просмотров

«Атамекен»  ҚР ҰКП жүргізген талдау еңбек күшіне сұраныс пен ұсыныстағы сәйкессіздікті көрсетті

Сәйкессіздік, бір жағынан білікті мамандардың тапшылығында болса, екінші жағынан – мамандардың көп болуымен ерекшеленеді.

 600 мың кәсіпорын қатысқан сауалнама нәтижесі көрсеткендей, саладағы басты мәселе – маусымдық жұмысшылар мен орта буын мамандарының тапшылығында. 63 кәсіпорында 2021 жылға дейін кадр тапшылығы бар. Анағұрлым сұранысқа ие мамандықтар қатарына тракторшы-механизаторлар, жүргізушілер, даяшылар, сауда өкілдері, дәнекерлеушілер, түрлі жұмыс істеушілер/жүк тиеушілер, азпаздар, тәрбиелеушілер, тас қашаушылар мен кеңсе-менеджерлері енді. Шамамен 48 мың адамдай сатушы, дүкен супервайзері, күзетші, call-оратылқтарда оператор, курьер, көлік жуушы, үй күтуші, дөңгелек желімдеуші және бақташы қажет.

 Орта есеппен жоғары білімі бар студенттердің шығарылымы (600 мың кәсіпорныға) қажеттіліктен 5,3 есе асады, орта-техникалық біліммен – 1,7 есе асады. Түлектердің жоғары үлесіне қарамастан кәсіпкерлер маусымдық жұмысшылар және біліктілігі жоқ қызметкерлерге зәру. Бұл жұмысшы мамандықтар танымал болмауымен байланысты, осы ретте жұмысшыларда еңбек нарығында бәсекелестік төмен. Түркістан облысында 24 мың бос жұмыс орны бар. Негізінен ауыл шаруашылығы жұмысшылары – тракторшылар, жалданбалы жұмысшылар, агрономдар, шопандар және т.б. керек. Мақтаарал ауданына 2 980 тракторшы керек, ал жылына небәрі 23 маман ғана оқып шығады. Қазығұрт ауданында 12 тракторшыға қажеттілікте 23 маманды дайындайды. Мамандар бойынша теңгерімсіздік барлық өңірлерде байқалады. Алайда әр өңірдегі ситуация түрлі.

Бүгінде мамандарға деген қажеттілік 148,5 мың адамды құрайды. Бұл орта мамандандырылған білімді 79 мың адам немесе 54% жоғары білімі бар 14%-ға қарсы. Нәтижесінде жұмыс беруші шығынданады, өнімділікті жоғалтып, қызметкерді қайта оқытуға мәжібүр болады. Егер жұмыскер мамандығы бойынша жұмыс істей алмаса, табыс пен біліктілікті жоғалтады. Мұндай теңгерімсіздікті мамандарды дайындау жүйесін түбегейлі өзгертіп, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынасты түзеген соң жоюға болады.

Ұлттық палата орта кәсіптік білім беру ұйымдарына іріктеуді жоспарлау жүйесін қайта қарауды ұсынады. Ол үшін ұзақ мерзімді инвестициялық жобалар жоқ өңірлерде кадр тапшылығын, жұмысшылар тапшылығы салалар бойынша ғана емес, сондай-ақ өңірлер мен аудандар кескінінде бағалау керек. Содан кейін орта кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау жоспарын қалыптастыру қажет. Әзірге мамандарға деген тапшылықты кәсіби оқыту курстары ішінара жаба алады.

 2016 жылдан бастап «Атамекен» қауымдастықтар мен бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, мамандарды дайындаудың стандарттары мен бағыттарын өзектендіру және бекіту бойынша жұмысты бастаған болатын. Атап айтқанда, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 578 кәсіби стандарт бекітілді. Олардың негізінде жоғары оқу орындары мен колледждер білім беру бағдарламаларын реттей алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер