astana-view

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық ТЖД  ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

2020 жылғы 06 Наурыз
- Жетісу облысы
5814 просмотров

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасы бойынша Департаментте кәсіпкерлікті одан әрі дамыту бойынша бірлескен және келісілген кездесу өтті.

Келісім кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және мемлекеттік органдармен нәтижелі қарым-қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған. 

Департаментте кездесу барысында Алматы облысы ТЖД бастығы Ерлан Сәдікенұлы Нұрпейісов пен Алматы облысы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Несіпекұлы Шаяхметов ынтымақтастық келісіміне қол қойды. Келісім шеңберінде тараптар жағынан бизнестің проблемалық мәселелері, жемқорлыққа қарсы алдын алу іс-шараларын өткізу, нормативтік-құқықтық актілерге мониторинг жүргізу бойынша бірлескен жұмыс кездесулерін өткізу жоспарланған.

«Бірлескен іс-шаралар шеңберінде өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауға балама ретінде алдын алу бақылауын жүзеге асыруды және аудитті өткізуді ұсынамын. Кәсіпкерлер субъектілері арасында бірлескен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ортақ алаң беруге дайынбыз», - деді Әсет Шаяхметов.

Ерлан Нұрпейісов өз кезегінде Департаментін кәсіпкерлердің өтінішіне жедел әрекет ететінін және лауазымды тұлғалар жағынан заңға қайшы қимылдарға жол бермеу үшін қатан шаралар қолданатының айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер