astana-view

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ұлттық инвесторлар кеңесінің жұмысына қатысты

2014 жылғы 12 Сәуір
9001 просмотров

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысы өтті.

Кеңестің жұмысына Үкімет, ҚР ҰКП Төралқасы мен Басқармасы, ірі қауымдастықтар басшылары қатысты.

Отырыста жасалған жұмыстар туралы баяндамамен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Палатаның ағымдағы қызметі мен болашақ жоспарлар туралы айтып кетті.

Бүгінгі күні өңірлік палаталар елдің барлық облыстық орталықтарында құрылып үлгерді, 130 аудандық филиал ашылды. Олардың міндеті – жергілікті деңгейде бизнестің мониторингін жүргізу, сервистік орталықтар құру, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын қолдана отырып, бұқаралық кәсіпкерлікті ынталандыру. Өңірлік палаталардың қызметінің мониторингі үшін жергілікті бизнес-қоғамдастық өкілдерінен кеңестер құрылған болатын.

Палатаның орталық аппаратында 16 комитет жұмыс жасайды, олардың көпшілігі МҮИИДБ бағдарламасының негізгі салалары мен басты бағыттарын қамтиды, сондай-ақ ШОБ және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселелері бойынша арнайы комитеттер құрылды.

Палата салалық қауымдастықтармен белсенді жұмыстар жүргізеді. Бүгінгі күні Қазақстанда тіркелген 800 қауымдастықтың ішінен 160 қауымдастық ҰКП-да аккредиттеуден өтті.

Өз сөзінде ҰКП Басқарма Төрағасы Палатаның жақын жылдарға деген негізгі басымдылықтарын ерекшелеп кетті. Бұлар – МҮИИДБ қолдау және бұқаралық кәсіпкерлік, ауылдық бизнесті дамыту және дуалды білім беру жүйесінің негізінде кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту.

Өңірлік бизнесті дамыту туралы сөз ете келіп, Абылай Мырзахметов өңірлік электронды картаны жасау туралы айтып берді, оны ҰКП мемлекеттік органдармен бірлесіп жасап жатыр. Оның ерекше белгісі онда өңірлік өзгешеліктердің ескерілетіндігі болып табылады, бұл кластерлерді қалыптастыруды біршама толық қарастыруға, мемлекеттік қолдаудың барлық аспаптарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Ауылдық бизнесті дамытуды тілге тиек ете отырып, Абылай Мырзахметов бүгінде негізгі мәселе қаржы мен кепілдікке қолжетімділіктің болмауында екендігін атап кетті. Бұл мәселеге талдау жасай келіп, Кәсіпкерлер палатасы өз бизнесін ашуға ниеті барлар үшін Кепілдендіру қорын құрып, Түркиядағы әріптестердің тәжірибесін пайдалануды ұсынады.

ШОБ дамытуды ынталандыру бойынша келесі қадам ҚР ҰКП сенімгерлікпен басқаруына «Даму» қорының шамамен 1,6 млрд теңге бөлуі болады. Бұл қаражат өңірлік палаталардың жұмысына жұмсалатын болады, атап айтқанда, ісін бастаушы бизнесмендерді оқытуды ұйымдастыруға, консалтинг, кеңес беру және коучингісіне кетеді.

Жиналыс барысында ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев та сөз алды, ол Елбасыға Палатаның Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт жобасы төңірегінде атқарылып жатқан жұмысы туралы баяндады. Ол жылдың басынан бері қауымдастықтар және өңірлік кәсіпкерлердің қатысуымен 30-дан аса жұмысшы жиналыстар өткізілгендігін атап кетті.

Ақырында бизнес-қоғамдастықтың ЕЭО туралы Шартының барлық бөлімдері бойынша шоғырландырылған позициясы жасалды. Сонымен бірге ол бұрынғыдан жақсара түсті, себебі одан КО және ЕЭК туралы келісімдерде болған жетілмеген жерлер алынып тасталды. Рахым Ошақбаев бизнес-қоғамдастықтардың барлық ұсыныстары Шарт жобасына енгізілгенін, және де ұлттық экономика мүддесін ескере отырып құжатты қалыптастыру жұмыстары жалғаса беретіндігін ерекше атады.

Жиналысты аяқтай отырып, Елбасы ҚР ҰКП-ға бірқатар тапсырмалар берді. Оның ішінде, мемлекеттік қызметтердің барлық бизнес-процестеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізу, Үкімет және жергілікті органдармен бірге өзара әрекеттесу реттемесін бекіту. Салалық қауымдастықтар жанынан арнайы орталықтар құрылуы қажет, оларда түлектер оқуын аяқтаған соң бағалаудан өтіп, біліктілік алатын болады. Бұл орталықтардың құрылуына ҰКП белсене ат салысатын болады.

Сондай-ақ Елбасы Ұлттық палатаға «Бизнесті президенттік қорғау» сайтына келіп түсскен бизнесмендердің шағымдарын қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар, ол «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясына Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге алдағы халықаралық EXPO-2017 көрмесінің нысандарының құрылысына қазақстандық бизнесті тарту бойынша арнайы бағдарлама дайындауды тапсырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер