astana-view

Маңғыстаулық кәсіпорындар үздік жүздікке енеді

2020 жылғы 10 Наурыз
- Маңғыстау облысы
3931 просмотров

Дүниежүзілік банк қаржыландыратын Қазақстандағы өнім тасмалдаушыларды дамыту бағдарламасын іске асыруға Ұлттық экономика министрлігі мүдделі. Жоба «Qazaqindustry «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ мен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен жүзеге асырылады

Жоба екі кезеңнен тұрады. Алдымен 200 шағын және орта кәсіпкерлік /ШОК/ субъектілерінің бизнес жағдайы бір күн бойы бағаланады. Кәсіпорындарды аралау барысында бірінші кезеңде анықталған кемшіліктер 3 ай өткеннен кейін ілгерілегені анықталады. Бағаланғаннан кейін жақсарту бойынша жоспарда қойылған мақсаттарға жету үшін  үлкен жетістіктерге жеткен компаниялардан 100-і  мықтылар тобына іріктеліп, ҚР тауар жеткізушілерінің дерекқорына енгізілетін болады.

Жобаның бірінші кезеңінде қатысушылар қатарында Маңғыстау облысынан 21 компания болды. Олар тегін бағалаудан өтті. 3 айдан кейін 2020 жылдың 17-28 ақпан аралығында компанияға екінші рет бару кезінде ілгерлеуін көрсете алды.  Үздік 100-ке кірген жағдайда кәсіпкерлер:

- шығындарды 100% - ға дейін өтейтін халықаралық сертификатқа ие болады (сертификат өзіне және сертификат алуға бағытталған консалтингтік қызметтер үшін);

- бизнесті жақсартуға жеке қолдау көрсету және «сатып алушылармен кездесу» көп ұлтты сатып алушылармен кездесуге мүмкіндік алады.

- барлық қазақстандық субъектілер үшін ортақ басымдықтар беретін мәселелер бойынша тегін семинарлар мен оқыту жүргізіледі. 

2019 жылдың қыркүйегінде жоба туралы ақпаратты тарату жұмыстары басталып, бұл бірегей шара аясында бизнес субъектілеріне барынша көп тарту мақсат етілді. Өйткені қазақстандық компаниялар үшін мұнай-газ, металлургия және тау-кен өндіру салаларында жұмыс істейтін трансұлттық және ірі қазақстандық корпорациялар үшін сертификатталған және аккредиттелген жеткізушілер болудың ең тиімді жол. Трансұлттық компаниялар үшін бекітілген жеткізуші мәртебесін алу шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына бағытталған.

Бірінші кезеңнің нәтижелері 2020 жылдың наурыз айының соңында белгілі болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер