astana-view

Импортты алмастыру арқылы қалай ақша табуға болады: Алматыда кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы айтты

2020 жылғы 13 Наурыз
- Алматы қаласы
4494 просмотров

«Доллардың қымбаттауына қатысты соңғы жаңалықтар бизнес-қауымдастықты дүрліктірді, көпшілік тарапынан: қазіргі экономикалық жағдайда не істеу керек деген сұрақтар туындауда? Біз ол үшін даму мен өсудің ішкі резервтерін іздеу керекпіз, осы орайда, мемлекеттің бизнеске ұсынып отырған мүмкіндіктерін пайдалану қажет деп есептейміз», - деп айтты Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.

Жиын барысында ол Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен  жаңа бизнес орындарын ашу және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді қолдау, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, сондай-ақ мегаполисте импортты алмастыруды ынталандыру бағытындағы жұмыс туралы әңгімеледі.

Қалалық Кәсіпкерлер палатасының басшысының айтуынша, 2019 жылдың 27 наурызынан бастап бір жылға жуық уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан, «Қарапайым заттар экономикасы» экономиканың басым секторларын жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы отандық бизнестің дамуына ықпал етеді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпараты бойынша, бүгінгі таңда өнеркәсіптік тауарлардың 82%, азық- түлік өнімдерінің 35%, ауыл шаруашылығы өнімдерінің 23% импортталады.

Ресми статистикалық мәліметтер бойынша Алматыда 2019 жылы импорт көлемі 13,5 млрд. долларды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда өсім көлемі 4,7% (12,9 млрд. доллар) көрсетіп отыр. Негізгі импорттаушы елдер қатарында Ресей (35,5%), Қытай (20,1%), Германия (5,4%), АҚШ (4,2%) және Түркия (3,1%) болып табылады.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының іске асырылуын мониторингілеу және бизнесті белсенді тарту мақсатында Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы базасында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың төрағалығымен өңірлік жобалау кеңсесі жұмыс істейді, офис құрамына «Даму» АҚ даму институттары, екінші деңгейлі банктер және мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

«Қазіргі уақытта бағдарлама аясында Алматы қаласы бойынша азық- түлік, жеңіл және жиһаз өнеркәсібі, сондай-ақ құрылыс материалдары өндірісіне және мектеп құрылысы салаларында 31 млрд. теңге сомасына 15 жоба мақұлданды. Сонымен қатар,  7,7 млрд. теңге сомасына 19 жоба қаржыландырылды», - деп атап өтті Нариман Әбілшайықов.

Ол бұқаралық ақпарат құралдарына Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы талдау жүргізгенін және талдау жұмыстары барысында Алматы қаласына әкелінген 10 мыңнан астам тауарлар зерттелгенін хабарлады. Ең танымал импорттық тауарлар анықталды. Зерттеу барысында «Қарапайым заттар экономикасы» тауарларына ерекше назар аударылды, осы талдау аясында импортты алмастыруға арналған ТОП-10 тауарлары анықталды.

Сонымен қатар, бизнес-қоғамдастықтан импортты алмастыруды дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында, «Атамекен» ҰКП-ның тарапынан Импорты алмастыру кеңесі құрылды, оның құрамына өндірістік және ауылшаруашылық салаларындағы бизнес өкілдері кірді. Осындай кеңес алдағы уақытта Алматы қаласында және басқа да өңірлерде құрылатын болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер