astana-view

Сауда объектілері. Карантин кезеңінде ұсынымдар

2020 жылғы 18 Наурыз
7140 просмотров

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимін енгізу туралы»  2020 жылғы 15 наурыздағы №285 жарғысының әрекет ету кезеңінде сауда объектілерінің қызметіне қатысты ұсынымдар

  1. Қызметін тоқтату қажет объектілер

Азық-түліктік емес сауда базарлар, ірі сауда – ойын-сауық орталықтары, сауда – ойын-сауық орталықтары, ірі сауда үйлері, азық-түлік және дәрі-дәрмек заттарын сату бөлімдерінен бөлек аумағында кинотеатрлар, балалар орталықтары, көпшілік жиналатын басқа да ойын-сауық объектілері бар ірі сауда орталықтарын жабу.

  1. Қызмет етуде шектелген сауда объектілері

Ауданы 2000 шаршы метрден кем емес сауда объектілері (сауда орталықтары, гипермаркеттер, сауда үйлері, азық-түлік базарлары, супермаркеттер, шағын маркеттер, үй алдындағы дүкендер, бөлшек сауданын басқа да объектілері) азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін функцияларды толық орындаумен санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейтумен жұмыс істейді, атап айтқанда:

  1. жұмыс істеу уақыты:  сағат 10:00-нан 18:00-ге дейін;
  2. тұтынушыларға қолжетімді нан-тоқаш, кондитерлік және басқа да өнімдерді жабық қаптамада сату керек;
  3. көкөністер мен жеміс-жидектерден басқа азық-түлік өнімдерін оралған түрде сату;
  4. күшейтілген дезинфекциялық режимді енгізу: әр 3 сағат сайын үстелдер, орындықтар, эскалаторлар жақтауын, сатылар, есік, лифтілер және еденді арнайы дезинфекциялық құралдармен сүртіп, жуу;
  5. тұтынушылардың хал-жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу үшін барлық кіреберістерде теледидар орнату;
  6. сауда объектісі территориясына маска киген клиенттерді ғана кіргізу (маска болмаған жағдайда масканы тегін тарату) және келушілерге коронавирусты алдын алу бойынша жаднамаларды тарату;
  7. қолды зарарсыздандыру үшін санитайзерлер орнату, санитайзерлерде ұзақ уақыт бойы микроптарға қарсы әсері бар көпфункциялы антисептикалық заттар қолдану, немесе бір реттік қолғаптармен қамтамасыз ету;
  8. объектілерді тұрақты түрде желдету, ағынды-сорғылы желдету қондырғыларын дезинфекциялау, сүзгілеуді және орынжайларды сырттан ауаны алу арқылы желдету;
  9. адам арасында 1 метрден кем емес арақашықтықты сақтай отырып, кезекте 5 адамнан артық тұруына жол бермеу;
  10. жоғарыда аталған талаптарды қадағалау үшін сауда объектілерінде жауапты қызметкерлерді бекіту;
  11. объектіге жататын аумақты дезинфекциялық құралдармен тәулігіне 1 рет зарарсыздандыру.

3.Сауда объектілері аумағында орналасқан қоғамдық тамақтану объектілері (фуд-корттар, мейрамханалар, кафе, барлар, асханалар және т.б.) санитарлық қауіпсіздік шараларды күшейту, атап айтқанда:

1) тауарды (тамақ, сусын және басқа) тұтынушыға дейін жеке қызмет арқылы: жеткізу немесе жеткізудің басқа жолдарымен қызметті іске асыру;

2) жұмыс кезінде персоналдың бір реттік маска қолдануы ұсынылады (масканы 3 сағатта 1 бір рет ауыстыру керек);

3) жедел респираторлық-вирустық инфекцияның (қызу көтерілу, жөтел, суық тию) белгілері бар қызметкерді жұмысқа жолатпау;

4) қолды жууға арналған санитайзерлерді орнату, санитайзерлерде ұзартылған микробқа қарсы әсері бар көпфункциялы антисептикалық құрылғыны қолдану немесе бір реттік қолғаптармен қамтамасыз ету;

5) жұмыс ауысымы аяқталған соң (немесе 6 сағаттан кем емес уақытта) орынжайды дезинфекциялық құралдарды қолданумен желдету және ылғалды жуу, есік тұтқаларын, жақтаулар, үстел, орындықтар, орындықтардың арқаларын (кресло тұтқаларын), қол жуу шұңғылшаларын асханаларға кірерде, өзін-өзі қызмет көрсету витриналарына жақындағанда зарарсыздандыратын сүлгілермен (немесе дезинфекциялық құралдармен) сүрту;

6) сауда объектісі территориясын 1 тәулікте бір реттен кем емес аралықта құралдармен зарарсыздандыру;

7) күшейтілген дезинифекциялық режимді енгізу: әр 3 сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдармен үстелдер, орындықтар, эскалатор жақтауларын, сатылар, есіктер, лифтілер мен еденді сүртіп, жуу.

 4. Қоғамдық тамақтану объектілері. Шектеулер

Қоғамдық тамақтану объектілерінің (кафе, мейрамханалар, барлар, асханалар және т.б.) қызметін шектеу

  1. жұмыс істеу уақытын сағат 22:00-ге дейін шектеу;
  2. бір мезгілде келушілер санын 50-ден асырмау;
  3. қолды зарарсыздандыру үшін санитайзерлер орнату, санитайзерлерде ұзақ уақыт бойы микроптарға қарсы әсері бар көпфункциялы антисептикалық заттар қолдану, немесе бір реттік қолғаптармен қамтамасыз ету;
  4. күшейтілген дезинфекциялық режимді енгізу: әр сағат сайын үстелдер, орындықтар, эскалаторлар жақтауын, сатылар, есік, лифтілерді және әр 3 сағат сайын еденді арнайы дезинфекциялық құралдармен сүртіп, жуу;
  5. асханаларда өзін-өзі қызмет көрсету бөлімдерде шектеу енгізілді;
  6. жедел респираторлық-вирустық инфекцияның (қызу көтерілу, жөтел, суық тию) белгілері бар қызметкерді жұмысқа жолатпау;
  7. клиенттер келетін жерге персоналдың маска киіп жұмыс істеуі ұсынылады (маскаларды 3 сағатта бір рет ауыстыру);
  8. жұмыс ауысымы аяқталған соң (немесе 6 сағаттан кем емес уақытта) орынжайды дезинфекциялық құралдарды қолданумен арқылы желдету және ылғалдатып сүрту, есік тұтқаларын, жақтаулар, үстел, орындықтар, орындықтардың арқаларын (кресло тұтқаларын), қол жуу шұңғылшаларын асханаларға кірерде, өзні-өзі қызмет көрсету витриналарына жақындағанда зарарсыздандыратын сүлгілермен (немесе дезинфекциялық құралдармен) сүрту;
  9. сауда объектісі территориясын 1 тәулікте бір реттен кем емес аралықта құралдармен зарарсыздандыру;
  10. сауда және қоғамдық тамақтану объектілерінде халыққа бір реттік қолғаптарда (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнмідеріне тікелей байланысы бар қызметкерлер)  қызмет көрсету, қолғаптарды бір ауысымда екі реттен кем емес және жыртылып кетсе ауыстыру;
  11. мейрамханалар, кафелер, барлар, асханаларда үстелдер арасында арақашықтықты 2 метрден кем емес аралықта сақтау.

5. Қызмет көрсету саласы

 Қызмет көрсету саласы объектілерінің (сұлулық салондары, ателье және басқа)  функциясын шектеу:

  1. қолды зарарсыздандыру үшін санитайзерлер орнату, санитайзерлерде ұзақ уақыт бойы микроптарға қарсы әсері бар көпфункциялы антисептикалық заттар қолдану, немесе бір реттік қолғаптармен қамтамасыз ету;
  2. күшейтілген дезинфекциялық режимді енгізу: әр 3 сағат сайын үстелдер, орындықтар, эскалаторлар жақтауын, сатылар, есік, лифтілер және еденді арнайы дезинфекциялық құралдармен сүртіп, жуу;
  3. сауда объектісі территориясына маска киген клиенттерді ғана кіргізу (маска болмаған жағдайда масканы тегін тарату) және келушілерге коронавирусты алдын алу бойынша жаднамаларды тарату.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер