ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ. ӨНДІРІСТІҢ ТҰРЫП ҚАЛУЫ ЖӘНЕ ТОЛЫҚ ЕМЕС ЖҰМЫС КҮНІ
Төтенше жағдай кезінде жұмыскерлермен еңбек қатынастарын реттеу мәселелері:
- ҚР Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес себептер бойынша өндірістің тұрып қалуын рәсімдеу. Өндірістің тұрып қалуы кезеңінде төлем сомасы еңбек немесе ұжымдық келесімшарттармен анықталады және ең төменгі айлық еңбекақыдан төмен болмауы керек. Өндірістің тұрып қалуы кезінде жұмыс беруші қызметкерді оның келісімінсіз денсаулығына зиян келтірмейтін басқа жұмысқа ауыстыра алады (Еңбек кодексінің 42-бабының 1-тармағы).
- Толық емес жұмыс күні. Жұмыс беруші қызметкерлерді толық емес жұмыс күніне, толық емес аптаға немесе ауысымға ауыстыра алады.
Аталған режим жұмыс беруші және жұмыскер арасында жазбаша келісім бойынша белгіленеді.
Ерекше жағдайлар жүкті әйелдер немесе 3 жасқа толмаған балалары бар ата-анаға, сондай-ақ штат қысқаруына әкеп соққан өндірісті қайта ұйымдастыру кезінде жасалуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ! Қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалысын сақтаңыз, ал төлем жұмыс істелген уақыт немесе атқарылған жұмыс көлеміне байланысты еңбекті төлеудің келісілген жүйесімен іске асырылады.
Толық емес жұмыс күні кезеңінде төлем жұмыс істелген уақыт немесе атқарылған жұмыс көлеміне байланысты еңбекті төлеудің келісілген жүйесімен іске асырылады.
Төтенше жағдай кезінде бизнесті қолдаудың басқа шараларымен #төтеншежағдайдағыбизнес айдарынан таныса аласыздар.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: