astana-view

Машина жасау өндірісінің көлемі 1 трлн. теңгеге жетеді

2014 жылғы 14 Сәуір
4055 просмотров

Қазақстан жаңалықтары. Өткен жылы бұл көрсеткіш 800 млн. теңгені құрады, деп хабарлайды 24kz.

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстанның машина жасаушылар одағының атқарушы директоры Тимурлан Алтаев осылай деді. Қазір одақ елімізде бұрын жасалмаған мұнай газ саласына қажетті бұрғылау сынды қондырғыларды шығаруды қолға алып отыр. Ол үшін «ТеңізШеврОйл» компаниясымен бірлескен кәсіпорын құрылмақ. Нәтижесінде ел экономикасына пайда келтіріп қана қоймай, 30-40 мың жұмыс орындары ашылады. Ал қажетті маман мәселесін шешу үшін ертең оқу орындарына тендр жарияланбақ.

Тимурлан Алтаев, «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ атқарушы директоры:

- Біз жұмыс беруші ретінде білікті кадрларды дайындап, білім сапасын арттыруда өз үлесімізді қосқымыз келеді. Сондықтан  білім жүйесін жаңартуға атсалысамыз. Сонымен қатар,«Теңіз» жобасын іске асыруға да қатысамыз. Бұл ретте Үкімет пен кен орны арасындағы келісімге сәйкес, жоба қаражатының 30%-ы өз қызметін ұсынған қазақстандық мекемеге төленеді. Енді біз жобаны іске асыруда керекті қондырғыларды шығаруды қолға аламыз.

Иван Сауэр, «Қазақстанның ет-сүт одағы ассоциациясы» ЖКмЗТБ басқарма төрағасы:

- Елімізде отандық бизнесті дамыту үшін инвестиция салатын кәсіпорындар өте көп. Мәселен ауылшаруашылығы немесе машина жасау салалары Қазақстанда соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатыр. Сондықтан Елбасының капиталды амнистиялау туралы бастамасы – өте орынды және дер кезінде қолға алынған шара.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер