astana-view

ӨКП Өңірлік кеңесі және Қоғамдық кеңес Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2020 жылғы 06 Сәуір
- Алматы қаласы
3747 просмотров

Құжатқа Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев және Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов қол қойды. Іс-шара «Тұран» университетінде өтті

 Тараптар шағын және орта бизнестің дамуына атсалысу, мемлекеттік органдар және кәсіпкерлік субъектілері арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, сондай-ақ мемлекеттік қолдау қаражатының мақсатты пайдалануға мониторинг жүргізуді көздейді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 31 наурызында жасаған мәлімдемесі Меморандумға негіз болды, онда шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған шаралар көрсетіліп, Үкімет пен Ұлттық Банкке барлық қажетті қаражат көздерін, оның ішінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорын, Ұлттық банктің ресурстары мен құралдарын пайдалану туралы нұсқамалар берілді. Осыған байланысты Қоғамдық кеңестің ревизиялық комиссиялар және ӨКП Өңірлік кеңесімен қарым-қатынасын күшейту қажет.

 «Төтенше жағдай жарияланғаннан кейін кәсіпкерлік бұрынғыдай болмайды. Бизнес өзгереді, және жекелеген өнімдер мен қызметтер сұраныстан қалады. Кейбір кәсіп түрі мүлде жабылады. Қазіргі таңда экономикамыздың негізі болып отырған, салаларды қолдау қажеттігін түсінеміз. Біз бизнеске жекелеген механизмдерді беруге дайын боламыз, мұндай қолдау кәсіпкерліктің дамуына, жалпы экономика өсуіне әкеледі. Бұл процестер Алматы қаласында бастау алады», – деді ӨКП Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев.    

Қоғамдық ұйымдар мемлекеттік қолдау қорларының мақсатты пайдаланылуын бақылау бойынша тексеру комиссияларымен ынтымақтастықтың бірлескен бағдарламаларын әзірлеуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар кәсіпкерлікті одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу, өндіріс көлемін қамтамасыз ету, бағаны ұстап тұру, жұмыспен қамтуды қолдау мақсатында Алматы қаласында шағын және орта бизнес қызметінің басым бағыттарын айқындау және барынша арттыру көзделген.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер