astana-view

Отандық кәсіпорындардың 44%-ы қызметін тоқтатты – салалық сауалнаманың қорытындысы

2020 жылғы 10 Сәуір
7004 просмотров

 Жүргізілген сауалнама төтенше жағдайдан айтарлықтай зардап шеккен салаларды қамтиды. 9 сәуірдегі ахуал бойынша сауалнаманы 2 148 кәсіпорын толтырды (сауалнама нақты 2 сәуір күні басталды)

 Толтырылған сауалнамалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығына тиесілі. Сондай-ақ біз сауалнамаға қатысқан кәсіпорындар өндірісінің жалпы үлесін 2019 жылға (ҚР Статистика жөніндегі комитетінің мәлеметтері бойынша) сала өндірісінің көлемімен салыстырамыз. Мұнда құрылыс саласы 17%-бен көш бастап тұр, ауыл шаруашылығы –  4,4%, сауда – 4% және т.б.. (4-слайд).

 Сауалнаманы ең аз толтырған, бірақ айтарлықтай әлеуеті бар салалар – өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік және мейрамхана бизнесі.  

Сала бойынша

саны

үлесі, %

Ауыл шаруашылығы

631

25%

Басқа

294

14%

Құрылыс

284

13%

Білім беру

275

13%

Туризм

172

8,0%

Өңдеу өнеркәсібі

172

8,0%

Сауда

124

5,8%

Көлік және логистика

58

2,7%

Мейрамхана бизнесі

55

2,6%

IT-қызметтер

47

2,2%

Медицина қызметтері

36

1,7%

Барлығы

2 148

100%

Қызметті шектеу

Кәсіпорындардың 44%-ы төтенше жағдай режиміне байланысты қызметін толығымен тоқтатуға мәжбүр.   Сәйкесінше, кәсіпорындар үлкен шығындарға батты, шығын көлемін кәсіпорындар 232 млрд теңгеге бағалап жатыр (6-слайд).   

Қаржылық ахуал

Төтенше жағдай кезеңінде

Кәсіпорындарға жүргізілген салалық сауалнама ТЖ кезеңінде әзірге ауыл шаруашылығы саласы ғана қаржы тұрғысынан тұрақтылықта екенін көрсетті (41%).

 Дағдарысты қаржылық жағдайды келесі салалар (сауалнамаға қатысқандар ішінен) көрсетті:  

  • Туризм – 70%
  • Мейрамхана бизнесі – 60%

Тұрақты қаржылық жағдайды келесі салалар көрсетті (сауалнамаға қатысқандар ішінен):

  • Құрылыс – 63%
  • Сауда – 55%
  • ИТ-қызмет – 53%
  • Білім беру – 43%

ТЖ режимінен кейін (ары қарай 6 айда – болжам)

Төтенше жағдайдан кейін қаржылық тұрақтылықта ауыл шаруашылығы (46%) және білім беру саласы (54%) болады.

 Дағдарысты жағдайда келесі салалар болады (сауалнамаға қатысқандар ішінен):  

  • Туризм – 52%
  • Мейрамхана бизнесі – 36%

Тұрақсыз қаржылық жағдайда келесі салалар болады (сауалнамаға қатысқандар ішінен):   

  • Медицина қызметтері – 58%
  • ИТ-қызметтер – 57%
  • Өңдеу өнеркәсібі – 54%

Өндіріс көлемі (ары қарайғы 6 айда – болжам)

Сауалнамаға қатысқандардың төрттен бір бөлігі өндіріс көлемінің 50%-ға дейін төмендеуін және өндірілетін тауарлар құнының 20%-ға қымбаттауын күтуде (8-слайд).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер