astana-view

Маңғыстаулық кәсіпорында күніне 200 литр антисептик шығаруда

2020 жылғы 10 Сәуір
- Маңғыстау облысы
2628 просмотров

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында алғаш рет антисептик өндіретін кәсіпорын ашылды

 Шикізаттар көршілес елдерден тасымалданып отыр. Шығын көлемін есептей келе, өнім құны заңды тұлғаларға 5 литрі 20 мың тг деп белгіленген. «Алдағы уақытта шикізатты әлдеқайда арзан бағамен алуды жоспарлап отырмыз. Сол кезде бағаны төмендетеміз.  5 л өнім үлкен ұжымдарға  арналған. Жеке пайдалауға көлемі кіші түрін алуыңызға болады»,- дейді кәсіпорын басшысы Н. Джалимов.

Жергілікті өнімнің құны сырттан тасымалдантын шикізаттар есебінен қойылады. Өнім құрамы: глицерин, спирт, су тотығы т.б қосындысы негізінен тұрады. Өнеркәсіп басшыларының айтуынша, заңды тұлғаларға 1 л- 4 мың тг, ал жеке тұлғаларға 1 л - 2 мың теңгеден саудалануда. Кәсіпорында орта есеппен күніне 200 л өнім шығарылуда. Мұнайлы ауданының 7 адамын жұмыспен қамтып отыр.  Шағын отбасыларға мөлшері 200 мл, 500 мл өнімді, тиісінше төмен бағамен алуға болады.

«Бұл өнім қазіргі сұранысқа зәру кезде уақыт ұттырмай пайдалануға, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен септігін тигізіп отыр. Біз өнімді мекемелерге, қажет еткен жандарға таныстыру, басқа елден келген өнімдердің орнын отандық тауармен ауыстыру бағытында қолдау көрсетіп келеміз»,- деп толықтырды сөзін МО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Г. Қалмұратова.

Ақтауда антисептик өнімдерін тегін таратушылар да бар. Қайырымдылық- ізгі іс.


Бургерлік «Бархан Burger Shop» осы қиын кезеңде тағам тапсырыстарын үйге жеткізу арқылы қызмет етуде. Одан түскен қаражаттың бір бөлігін тегін антисептикалық сұйықтық құралын таратуға жұмсауда. «Бархан Burger Shop» қызметкерлері антисептикалық құралдардың 0,5 л. Мөлшерінің 80 данасын және 1 л өнімнің 30 данасын Ақтаудағы ауруханаларға жеткізді. Сөйтіп коронавирус инфекциямен күресетін дәрігерлерімізді қолдауды ұйғарды.
Осындай игі істер қаламыздың басқа да кәсіпкерлеріне үлгі боларлықтай!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер